Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионын 1 маусымға тапсыру міндеттелді
Шымкент қаласының спорт саласында елеулі оқиғалар орын алуда. Осы салаға қала билігінің көп көңіл бөліп отырғаны анық. Оны жерлестеріміздің кешегі жеңістері дәлел бола алады.
Мәселен «Karate-1 Premier league» рейтингілік туринирінде София Берульцева күміс жүлдегер атанды. Ол Морокконың астанасы Рабат каласында өткен халықаралық турнирде спортшымыз ел мерейін үстем етсе, Венгрия елі Сегед қаласында Байдарка және каноэ есуден өткен Әлем Кубогында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова алтыннан алқа тақты. Ал 102 салмақта сынға түскен шымкенттік спортшы қос жаттығу қорытындысында 400 (181+219) келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Айта берсе шымкенттік спортшылардың қатары арта бермек.
Сондықтан болар, қала билігі бұқаралық спорт түрлерінің дамуы үшін, спорт нысандарын көптеп салуда. Қазіргі таңда Шымкенттегі «Металлург» стадионы жаңғыртылу үстінде.
Нысанның құрылыс жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов заманауи талапқа сай бой көтерген «Металлург» стадионының аяқталу сатысындағы реконструкциялық құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Стадионда құрылыс жұмыстары қалыпты жүргізілуде. Құрылысшылар спорт залдарының ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізу үстінде. Жоспарға сәйкес мұнда 1504 орындық трибуна, командалық ойындарға арналған 480 орындық спорт зал, 62 орындық спортшылар үйі, әкімшілік корпус қарастырылған.
- Нысан алдағы уақытта қаламызда бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға мүмкіндік береді. Стадион жанында 60 адамға арналған қонақүй қарастырылған. Мұнда республикалық маңызы бар жарыстар, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыруға барлық жағдай жасалатын болады – деді қала әкімі.
Мұрат Дүйсенбекұлы стадионды Халықаралық балалар күнінде қолданысқа беріп, үш жыл қатарынан өтіп жатқан Жастар Лигасының финалдық кезеңдерін өткізуді ұйымдастыруды тапсырды.