Шымкент қаласында 12 бағдаршам орнатылады

Oinet.kz 18-05-2023 183

Шымкент қаласында жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Қала билігі жол қауіпсіздігін арттыру жұмыстарына бүгінгі таңда барынша көңіл бөлуде. 

Screenshot_41.jpg

Көп жағдайда жол-көлік оқиғаларының бағдаршамы жоқ жол қиылыстарында жүргізушілердің ережені білмеуінен де орын алып жатқаны белгілі. Яғни, бұл жерде кейбір жүргізушінің дайындығының төмендігін де аңғару қиынға соқпайды. Көп адам жол ережесінен бөлек, жолда жүргізуші  мәдениетінің де бар екендігін ұмытпауы керек. Яғни, ол жол ережесін қатаң сақтау арқылы да өзге көлік иелеріне құрмет көрсеткен болады. Бір-біріне жүргізушілер көлік жүргізу мәдениетін таныту арқылы да талай жолкөлік оқиғасының алдын алуға болатыны белгілі. 

Жалпы қала ішіндегі жол қозғалысын жергілікті полиция қадағалағанымен бағдаршамдар мен жолбелгілерін қоюды қала билігі атқарады. Бүгінгі таңда қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жол қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында жыл сайын жаңа бағдаршамдар орнатылуда екен. Мәселен, өткен жылы қажеттілігі бар аймақтарға 12 бағдаршам орнатылып, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылып, 4000 жол белгісі қойылыпты. Ал биыл да 12 орынға бағдаршам бекіту жоспарланған.  

Жасыратыны жоқ, көпнесе автомобиль жолдарындағы жол көлік апатының орын алуына жүргізушілердің қателіктері себеп болып жатады. Бұдан кейін оған көліктердегі түрлі техникалық ақаулар, жолдың нашарлығы, ауа райының қолай¬сыздығы және тағы басқандай жанама факторлардың да әсер ететіні белгілі. Бірақ бәрібір, жол көлік апаттарының дені жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан, жауапкершіліктің аздығынан, жүргізуші тәжірибесінің жоқтығынан ан туындауда. Дегенмен қала билігі тарапынан жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылуда. Сол үшін биыл 12 жаңа орынға бағдаршам орнату жоспарланса, сондай-ақ, қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылады. 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына қою және 3500 жол белгілерін орнату жоспарда бар. Жалпы қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласындағы құрлысы жүріп жатқан жолайрықтарда көлік қозғалысы қалыпқа келді
Шымкент қаласында кәріз жүйесін уақыт талабына сай жаңғырту жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу