Еңбекші ауданында жеті елдімекенге ауыз су беріледі

Oinet.kz 18-05-2023 352

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданында таза ауызсу құрылысы қарқын алған. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда Еңбекші ауданы аумағына жаңадан қосылған Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас елдімекендеріне су құбырлары тартылуда. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «Исфиджаб» тұрғын алабын таза ауызсумен қамтитын компания анықталу үстінде. 

Screenshot_9.jpg

Президент қызметіне қайта кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде өзінің ең алғашқы Жарлығын ауылды дамытуға арнаған болатын.  

«Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын», – деді. Сөйтіп Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының» жобасын дайындауды тапсырған болатын. Бұл жоба бүгінде дайындалып, жалғыз ауылды аймақты ғана емес, қала халықын осы игіліктермен қамту көзделіп отыр.   

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы қала мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру. Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені де белгілі. Бұл саланың ауқымы кең. Ол барлық салада айрықша басымдыққа ие. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде аймақта табысты іске асырылуда. Соның нәтижесі Еңбекші ауданында да көрініс тауып отыр. Осы аудан тұрғындарымен болған кездесуде қала әкімі Мұрат Әйтенов ауданы тұрғындарын инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы ауқымды жобалармен таныстырды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін елімізде таза ауызсу мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі. Яғни, алдағы үш жылда қалалар 100 пайыз, елдімекендер 80 пайызға дейін таза ауызсумен қамтылуы тиіс. Жолдауда айтылған «Ақбұлақ» бағдарламасы да өңірде өз шешімін тауып, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Қазіргі таңда таза ауыз сумен қамтылған қалаға қарасты елдімекендер саны едәуір артқан. Су – тіршілік көзі. Қоғамдағы барлық тіршілік салалары үшін су ресурстарының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Елімізде осыдан 12 жыл бұрын басталған «Ақбұлақ» бағдарламасы соңғы үш-төрт жылдың көлемінде қарқын алғаны белгілі. Ол «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары және «Ауыл – ел бесігі» жобалары аясында жүзеге асырылуда, - дей келіп, Мұрат Әйтенов ауданға қарасты жоспарымен бөліскен болатын. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ауданның таза ауызсумен қамтылу көрсеткіші  94 пайызды құраған. Жыл соңына дейін мұнда сапалы ауыз су мәселесі толық шешімін таппақ. 

Сондай-ақ қазір Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе, Оңтүстік шағынаудандарын табиғи газбен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде екен. Газдандыру жұмыстары 2025 жылдың соңында толық аяқталатынын айтты қала басшысы.  

- Былтыр аудан аумағындағы 9 елдімекендегі 2 мыңнан аса түтінге электр желісі тартылды. Қазір Қарабастау, Жаңақұрылыс, Исфиджаб шағынаудандарын сапалы жарыққа қосу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде, - деді Мұрат Әйтенов. 

Аудан тұрғындары тарапынан сан алуан мәселе көтерілді. Ол сұрақтар билік назарынан тыс қалмады. Тұрғындар тарапынан көтерілген кейбір сұрақтарға сол арада жауабы берілсе, енді бірін қала билігі зерделеп, зеріттеп барып шешім қабылданатынын жеткізді. Кездесуден соң шаһар басшысы аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдап, жеке қабылдау өткізді. 

Шымкент қаласында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда
Шымкент қаласының әкімі Ұлағат пен Жұлдыз шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу