Шымкент қаласында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда

Oinet.kz 18-05-2023 129

Биыл Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшен жолын орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның  24-і магистралды көше. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 140,6 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына қайта жаңғыртудан өткізілмек. 

Screenshot_8.jpg

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту мәселесін алдымызға қойып отыр. Соның ішінде Мемлекет басшысы ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Біз бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстар жалғасын табуда. Президентіміз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар қаламызда тиісті деңгейде атқарылуда. Дегенмен тұрғындар тарапынан жолға қатысты көп сын айтылады. Біз ол қолайсыздықты жою мақсатында жаңа жобаларды қабылдап, жаңаша бағыта жұмыс істеуді қолға алдық. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда қанағаттанарлық автомобиль жолымен қамтуды 71,2 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында ірі құрылыс жобалары жүзеге асырылуда, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов. 

Оның айтуынша, биыл Дінмұхамед Қонаев атындағы даңғылының  жалғасының екінші және бесінші кезеңдері, А-2 айналма жолының 2-ші және 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы, Адырбеков көшесін қайта құру және Бәйдібек би-Арғынбеков көшелері қиылысындағы жолайрық құрылысы аяқталмақ. 

Жол күре тамыр. Бұл бағытта қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар баршылық. Соның ішінде «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту» мен «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары мен «Ауыл – ел бесігі» жобалары аясында жол саласында көп жұмыстардың атқарылып жатқаны да белгілі. Жалпы, бүгінде мегаполис аумағына кіретін жолдардың ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде 2 066,1 шақырымына асфальт жабыны төселсе, қалғаны шағал тас төселген жолдар. 

Қала ішілік көше жолдарымен қатар көше жарығын орналастыру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Шаһардағы мекемелері мен тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігі осы автомобиль жолдары мен электр желісі мекемелерінің атқарып жатқан жұмыстарына тығыз байланысты. Қаламыздың техникалық прогресінің алға басуына, мекемелердің және тұрғындардың жайлы жолмен қатынауына, таза ауыз су тұтынуына, электр қуатымен қамтамасыз етілуіне қала билігі жауапты. Осы мақсатта алдымызға үш жылдық жоспар құрылып, тиісті жобалар қабылданып отыр. Соның ішіде атап өтерлігі, қаланың кешенді даму жоспарына сәйкес, 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт жабынын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сөзімнің соңында айтарым, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындаған міндеттерді басшылыққа ала отырып жұмыс істейтін боламыз. Ал жоғарыда айтқан жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жобалардың барлығы да ел үшін атқарылатын болады, оның игілігін ел көреді, - дейді шаһар басшысы. 

Шымкент қаласында екі оқушылар орталығы салынуда
Шымкент қаласында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу