МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кестемен қамтамасыз етілуде.
2023 жылы 6 нысанның атап айтқанда, Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы, Жаңа құрылыс аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі.
Нәтижесінде 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% - дан 100% - ға дейін өседі.
Қала әкімдігі үшінші мегаполисте ауыз сумен қамту көрсеткішін жүз пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда қалаға қарасты 81 елді мекеннің 78-інде ауыз су болса, қалған 3 ауылға Құрсай, Қайнарбұлақ, Сайрам тұрғын алаптарына кестемен беріліп отыр.
Қала тұрғындарын сапалы ауыз су¬мен қамту көрсеткішін арттыру мақсатын¬да былтыр 7 нысанда құрылыс жұмысы қар¬қынды жүріп жатыр. Олар: Құрсай (1,2 кезең), Асар-2 (2 кезең), Нұртас ВС, Текесу елді мекені, Еңбекші ауданы¬на қарасты жаңа құрылыс аумақтары және Қайнарбұлақ ауылы. Ал Сайрам елді ме¬к嬬нінде құрылыс жұмысын бастау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүр¬гізілген-ді.
Мәселен Құрсай елді мекенінде екі кезеңнен тұратын жобаның құрылысы аяқталып, 270 шақырым су құбыры орнатылды. Осылайша, Құрсай шағын ауданына инженерлік-инфрақұрылым тарту ісі қарқынды жалғасуда. 8 мыңға жуық тұрғыны бар шағын ауданды сапалы ауыз сумен қамту үшін инженерлік құрылыс 2021 жылы басталған. Жалпы ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы жоғарыда айтылғандай, 2 кезең бойынша жүзеге асырылды.
Ал Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су құбырын тарту құрылысы 2023 жылға өтпелі. Өткен жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имараты¬ның құрылысы аяқталды. Нәтижесінде, қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетпек. Жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы жоғарыда келтірілген дерекке сай, 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.