МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Асфальттеу жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық» шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында, «Бозарық» саяжайында жүргізілетін болады.
Сондай-ақ Қаратау аумағында 4 шағынаудандағы көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары «Нұртас», «Тұран», «Қайтпас», «Мирас» шағынауданындарында, «Сайрам», «Мәртөбе», «Тассай», «Таскен» тұрғын алаптарында атқарылады. Жоспар бойынша 24 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі.
Сонымен қатар жыл соңына дейін «Сайрам», «Тұран» елді мекендеріндегі атауы жоқ немесе атауы моральдық тұрғыда ескірген көшелерге тарихи тұлғалардың есімдері берілетін болады.
Ағымдағы жылы тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, аудандағы жолдарды жөндеу жұмыстары жоғарыда аталған аталған елді мекендерінде жүргізілмек.
«Бозарық» саяжайында 7 көше, «Шапағат» шағынауданында Бике қоңыр, Желдіқара, Мирас көшелері, «Тассай» тұрғын алабында Көкбөрі, Шолпан, Көкпекті, Көкпар, Кеңтарал (жалғасы), Еділ қаған, Мөде қаған және атауы жоқ 7 көше, «Тұран» шағынауданындағы №26 көше, Ойқараған, Шырайлы, Нарсай, Найзакескен, Дәуір және атауы жоқ 11 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.
Аудан аумағындағы көшелерді жандандыру жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
Бұдан бөлек Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында ағаш бұтақтарын санитарлық кесу, шөп ору, тазалау және аула аумағындағы ағаштарды суғару жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағында жалпы 18 шағынаудан мен тұрғын алап орналасқан. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады. "De Support" ЖШС мекемесі тарапынан бұл жұмысқа 3 техника мен 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған.