Абдулабад және Базарқақпа тұрғындары қоғамдық келісімді қолдайды

Oinet.kz 21-04-2023 219

Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Осыны жадында ұстайтын Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Абдулабад, Базарқақпа тұрғын алаптарының тұрғындары «Ең бастысы – ел тыныштығы» деп отыр. 

IMG-20230419-WA0059.jpg

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында Абдулабад және Базарқақпа тұрғын алаптарында жергілікті жұртшылықпен кездесулер өткізілді.

 «Қазіргі кезде елімізге ең қажеттісі – ел бірлігі екені белгілі. Айналамызда бүгінгідей алмағайып заманда сан түрлі ұлттар мен ұлыстардан тұратын кең-байтақ еліміздегі тыныштыққа тіксіне қарайтындар да жоқ емес. Елдің біртұтастығын әрбіріміз көздің қарашығындай қорғауымыз керек. Ол үшін барлығымыз қолданыстағы заңнамаларды орындасақ, мемлекеттік тілдің мерейін асырсақ, барша жастарымыз міндетті әскери борышын уақтылы өтесе, барлық этностар қазақ халқының маңына топтасса жетіп жатыр», - деді кездесулерде қатысқан «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов.

 Жалпы, қазірге дейін Абдулабад пен Базарқақпа тұрғын алаптарына қатысты қандай да бір теріс жағдайлар, келеңсіздіктер орын алған емес. Қоңыртөбел тірлік кешіп жатқан тұрғындар ең бастысы елде тыныштық болсын дейді.

Биыл Қаратау ауданында 70 көшеге асфальтталады
Тілге құрмет – елге құрмет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу