«Оқитын ұлт. Оқитын Созақ. Оқитын бала» шарасы өтті

Oinet.kz 15-12-2022 716

image.png

2022-Балалар жылын қортындылау аясында Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат- лицейінде "Оқитын ұлт. Оқитын Созақ. Оқитын бала" атты әдеби сазды, интеллектуалды танымдық шара өтті. Шараға мектеп интернаттың балалары қамтылды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен 2022 жыл «Балалар жылы»- деп бекітілгені белгілі және мемлекет басшысы өз сөзінде: – Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп атап өткен. Және биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, мемлекет қайраткері, ғалым, ақын, публицист, ағартушы және реформатор Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойыда тұспа тұс келіп, Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары таңдалып алынған болатын. Осы орайда ұлттық рухани жаңғыру – ұлт болып қалыптасудағы ұлы қадам һәм мемлекетіміздің рухани дамуындағы бірден бір көрсеткіш екені белгілі . Аталған жобаның алға қойған мақсаттары ретінде, мектеп жасындағы балаларды мәдени тәрбиемен қамту, «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін, мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін жыл басынан бері аудандық орталық кітапхананың «Оқитын ұлт» жобасы біршама жұмыстарды қолға алып, кітапхана аясында ұйымдастырылып жүргізілуде. Жастар арасындағы оқырман белсенділігінің деңгейін арттыру, үйдегі бос уақытты тиімді пайдалану, жас ұрпақтың санасында оқу мен кітап мәдениетінің құндылығы мен маңызы туралы түсінік қалыптастыру, жастардың шығармашылық белсенділігін қолдау және ынталандыру мақсатында «Кітап-алтын қазына»- атты кітап оқу марафоны, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы, «Мен іздеген кітап» атты ауқымды, кең көлемде нәтижелі бірнеше жұмыстар жүргізілген. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі – осы кітаптар. Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі-кітап. Балалар жылын қортындылау мақсатында өткізілген іс шара балаларға арналған бейнебаянмен басталды. Мәдениет үйінің қызметкерлері ұлы тұлғаларды сомдап «Бір кітап, бір кейіпкер» атты сахналық композициясын қойды. Сонымен қатар кітапханашылар ақын-жазушылардың кітаптарына шолу жасап, көрмемен таныстырды. Балаларға арнап танымдық интеллектуалды викториналық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Іс-шараны аудандық мәслихат депутаты, «Бақ-Нұры» іскер әйелдер бірлестігінің төрайымы, «Созақ үні» редакциясының журналисті Майусова Нұржамал қорытындылап, мектеп кітапханасы мен белсенді оқушыларға кітаптар мен бағалы сыйлықтарды сыйға тартты. Іс шараға демеуші болған ақын Елнұр Қайратұлы, «Созақ ауданы әкімдігінің ауылшарушылық, кәсіпкерлік бөлімі», «Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі», «Созақ үні» редакциясы және «Бақ-Нұры» қоғамдық бірлестігі атынан көрермен балаларға арнап тәттілер таратылды.

Бүгінгі өскелең жас ұрпақ, елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Ал еліміздің болашағы жарқын, әрі кемелді болсын деп Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің балалар жылына арналған іс шара өз жұмысын қортындылады.

Түркістанда Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай халықаралық симпозиум өтті
Түркістан облысында «Үздік жастар премиясы» табыс етілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу