Қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті қалыптасуы тиіс

Oinet.kz 17-05-2026

image.png

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кері әсер ететін, мемлекеттік жүйенің тиімділігіне нұқсан келтіретін және халықтың билікке деген сенімін әлсірететін қауіпті құбылыс. Сондықтан жемқорлықпен күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауларында әділ қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту мәселесіне ерекше назар аударып келеді.

Мамандардың пікірінше, кез келген мемлекеттің іргесі әділдік пен заң үстемдігіне негізделгенде ғана берік болады. Ал сыбайлас жемқорлық қоғамдағы әділдік қағидатын әлсіретіп, мемлекеттік органдардың беделіне кері әсер етеді. Әсіресе парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Осыған байланысты Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі ММ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Мекемеде ашықтықты қамтамасыз ету, заң талаптарының сақталуын бақылау және қызметкерлер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән берілген.

Мекеме тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары, құқықтық оқыту семинарлары, кеңестер мен арнайы жиындар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Қызметкерлерге мемлекеттік қызмет әдебі, заң талаптарын сақтау және қызметтік міндеттерді адал атқарудың маңыздылығы түсіндірілуде. Сонымен қатар ұжым ішінде адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған жұмыстарға басымдық беріліп отыр.

Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі ММ» КММ-нің аға кеңесші-заңгері Айдос Ахметов сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамның белсенділігі маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

– Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің ғана міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Егер әр азамат заң талаптарын құрметтеп, жемқорлыққа мүлде төзбеушілік қағидатын ұстанса, қоғамда әділдік орнығады. Жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы – ашықтық пен құқықтық сауаттылықты арттыру, – дейді маман.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету процестерін цифрландыру да жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің маңызды тетігіне айналып отыр. Электронды қызметтердің үлесі артып, құжат айналымының автоматтандырылуы адам факторынан туындайтын қауіптерді азайтуға мүмкіндік беруде. Бұл өз кезегінде мемлекеттік мекемелер жұмысының ашықтығын арттырып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін күшейтеді.

Мамандардың айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күрес тек жазалау шараларымен шектелмеуі тиіс. Ең алдымен оның алдын алу, қоғамда адалдық қағидатын қалыптастыру және құқықтық мәдениетті нығайту маңызды. Себебі жемқорлық – дәрімен емдейтін ауру емес, ол қоғам санасына әсер ететін рухани кесел. Сондықтан бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуі қажет.

Бүгінде қоғамда «Әділдік жоқ жерде жемқорлық белең алады» деген пікір жиі айтылады. Сондықтан мемлекет тарапынан әділдік қағидатын нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін жетік біліп, заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарағанда ғана жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік болады.

Мекеме өкілдерінің пікірінше, табиғатты қорғау, орман және жануарлар әлемін сақтау саласында да ашықтық пен адалдық аса маңызды. Себебі бұл бағыттағы жұмыстар мемлекет мүддесімен қатар, болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігіне де тікелей әсер етеді. Сондықтан қызметтік міндеттерді адал атқару, заң талаптарын сақтау және қоғам сенімін ақтау – әрбір маманның басты міндеті.

Қазіргі таңда Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі ММ» мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Мекеме ұжымы қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыруға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуды басты міндеттердің бірі санайды.

Жемқорлықпен күресте қоғам белсенділігі маңызды
Әскерге шақыру саласында цифрландыру жүйесі енгізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу