Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шеру өтті

Oinet.kz 08-05-2025 22

Сайрам ауданда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтілуде.

1000349421.jpg

Шын мәнінде, бұл күн – тарих беттерінде алтын әріппен жазылған, миллиондаған майдангердің ерлігі мен тыл ардагерлерінің жанқиярлықтарын дәріптейтін ерекше мереке. 

Мерейлі мейрам қарсаңында «Орталық саябақта» мерекелік шеру өтті. Аталған іс-шара – батыр бабаларымыздың ерлігін құрметтеу мен жас ұрпаққа отансүйгіштік рухты насихаттауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен бастау алған шеруде аудан әкімі Арман Сәбитов, ҰОС-ның ардагері Ахмаджан Анартаев, тыл еңбеккерлері, ұрыс қимыл ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

500-ге жуық адамнан тұратын мерекелік шеруде Сайрам аудандық полиция, төтенше жағдайлар басқармаларының қызметкерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Семей ядролық сынақ полигоны мен Чернобыль апатына қатысушылар, әскери дайындық жетекшілері, «Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштерінің ардагерлері сап түзеді. 

Одан бөлек, шеруге С.Рахымов атындағы әскери және аудан аумағындағы колледж студенттері, жоғары сынып оқушыларының қатысуы іс-шараға патриоттық сезім ұялатты. 

Бұл – өткенге тағзым, ерлікке құрмет, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын ерекше күн болды.

Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Жеңіс күні қарсаңында Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу