Түркістан облысында биыл 172 нысанның құрылысы жүргізілуде

Oinet.kz 08-05-2025 17

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл облыс аумағында 172 нысанның құрылысы іске асырылуда.

Screenshot_1.jpg

Оның ішінде, 127 нысанның құрылысы өткен жылы басталса, 45-і – жаңа нысандар. 

Биыл 103 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланған. Атап айтқанда, облыс бойынша 1 әкімшілік ғимарат, 4 білім беру нысаны, 16 «Жайлы мектеп», 1 денсаулық сақтау және 1 әлеуметтік қолдау нысаны, 27 тұрғын үй, 26 инженерлік инфрақұрылым, 6 мәдениет және 16 спорт нысандары, 2 ауыл шаруашылығы нысаны пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «Парасат» паркіне реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, «Тұран» арнайы экономикалық аймағына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартылады. 

Ал 69 нысанның құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі. Жобаларды жүзеге асыру барысында 1 163 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде, 139 – тұрақты, 1 024-і – уақытша.

Өңірде бой көтеріп жатқан ғимараттардың құрылыс сапасы тікелей аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауында тұр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі
Түркістан: Былтыр тартылған шетелдік инвестиция көлемі 1 миллиард 144,2 миллион ақш долларын құрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу