Құқықтық консультациядағы жасанды интеллект
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметіне цифрландыруды толыққанды дамытуды қамтамасыз етуді тапсырды: "Қазақстан жаппай цифрландыру және жасанды интеллектті жедел дамыту аумағына айналуы тиіс. Бұл біздің стратегиялық міндетіміз".
Негізгі міндеттер шеңберінде Әділет министрлігі азаматтардың қаржылық және уақыт шығындарын үнемдей отырып, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша, оның ішінде жасанды интеллектіні қолдану бойынша шараларды көздейтін «Digital Justice» жобаларының портфелін іске асыруда.
Бүгінгі күні халықты білікті заң көмегімен онлайн режимде қамтамасыз ете отырып, заң қызметін көрсетуге және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі бар.
Облыс аумағында аталған жүйеде 150 адвокат пен заң консультантының қатысуымен азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған. 2024 жылы 2615 іс қабылданды.
Қазіргі уақытта азаматтарға тәулік бойы құқықтық кеңес беретін құқықтық ақпараттық қызмет операторларымен «Бейне қоңырау» функционалы іске қосылды.
Сонымен қатар, «Zan Komegi» мобильді қосымшасының тәжірибелік ортасында тестілеу мен қосымша оқытудан өтіп жатқан құқықтық кеңес беру бойынша жасанды интеллект элементтері бар чат-ботты әзірлеу мәселесі пысықталуда.
Жасанды интеллектіні іске асыру мақсатында Әділет Министрлігімен заң қызметін көрсету жөніндегі платформаларды (zan bar, iprav, ҚарМУ, ҚазҰТУ, ҚазҰУ және т.б.) әзірлеуге бағдарланған ІТ-ұйымдардың өкілдерімен жұмыс тобын құрды.
2024 жылдың соңғы 4 айында Республика аумағында азаматтар сандық сот орындаушысының арқасында 550 млн. теңге үнемдеді
Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары шеңберінде әлемде сапалы жаңа болмысты құруға алып келетін жаппай цифрландыруға негізделген жаңа технологиялық тәртіпке көшу қажеттігі айқындалды.
2024 жылғы тамызда Әділет министрлігі ЖСО Республикалық палатасымен бірлесіп «Сот орындаушысы роботын» енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.
«Цифрлық сот орындаушысының» бірқатар артықшылықтары бар:
біріншіден, барлық іс-әрекеттер автоматты түрде жасалатындықтан, ЖСО қызметіне және оларға баруға ақы төлеу жөніндегі шығыстардан босатылды.
екіншіден, хабарламаны жеткізу мен оқуды тіркеу бар. Осылайша, өндіріс 20 АЕК дейін қозғалған соң, Робот бірнеше арналар арқылы жеңілдетілген өндіріс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар борышкерге хабарлама жібереді (1. 1414 СМС хабарламасы 2. push-хабарлама EGov Mobile).
үшіншіден, робот ЖСО-ға қарағанда қарыз сомасы шегінде тек 1 банктік шотқа ғана тыйым салады, ал ЖСО барлық шоттарға тыйым салады.
төртіншіден, азаматтардың қолайлылығы үшін қамтамасыз етудің барлық шараларын (тұтқындау) автоматты түрде алып тастай отырып, қарызды онлайн төлеу қолжетімді. Осылайша, адам факторы толығымен жойылады.
бесіншіден, бұл жоба сот орындаушыларымен байланысу қажеттігін жоққа шығарады, барлық әрекеттер онлайн жүргізіледі және өндірісті тоқтату және тұтқындауды алып тастау үшін түбіртектер мен басқа да растайтын құжаттарды көрсетудің қажеті жоқ. Атқарушылық іс жүргізу саласын цифрландырудан басқа, жоба азаматтарға жылына шамамен 5 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұрын қарызды уақтылы өтемеген жағдайда азаматтар жеке сот орындаушысына айыппұл сомасының 25% -на дейін қосымша төлеуге мәжбүр болған.
Статистика көрсеткендей, Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 109 млрд. теңге сомасына 2,2 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды, оның ішінде азаматтар жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу 550 алып тастау есебінен іс-жүзінде 25% млн. теңге үнемдеді.
Жылжымайтын мүлікті үйден шықпай-ақ онлайн форматта тіркеу мүмкіндігі туралы
(Технология жылжымайтын мүлікті тіркеуге қалай әсер етеді)
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап өткендей: "Қазақстан цифрландыруда, әсіресе мемлекеттік қызмет көрсету саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бірақ бұл тек одан әрі дамудың бастамасы ғана. Өзін-өзі қамтамасыз ететін цифрлық экожүйені құру үшін сапалы деректер мен оларды қорғаудың сенімді жүйесі түріндегі берік іргетас қажет ".Министрлік екінші деңгейлі банктермен бірлесіп жақын арада Астана және Алматы қалаларында жылжымайтын мүлікті онлайн форматта тіркеу жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.
Аталған жоба мәмілені ресімдеудің барлық процесін қадағалай отырып, биометриялық сәйкестендіруді және тұлғалардың электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, шарт тараптары мен нотариус арасында бейне қоңырау арқылы мәмілені ресімдеуді көздейді.
Аталған жоба азаматтарға уақытша шығындарды қысқартуға және мәмілені заңсыз жасасудың барлық тәуекелдері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қатысушылардың нақты банктің клиенттері болуы міндетті емес, мұны Қазақстан Республикасының кез келген азаматы жасай алады және электрондық-цифрлық қолтаңбасы болады.
Сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтар 2015 жылдан бастап электрондық форматта ресімделуі тиіс.
Сатып алынатын тұрғын үйдің ең көп құны 50 миллион теңгеден аспауы тиіс. Алдағы уақытта аталған сервиске Қазақстанның басқа өңірлерін қосу, сондай-ақ жылжымайтын мүлік құнының сомасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Әділет министрлігі Нотариаттық палатамен бірлесіп, ерлі-зайыптылардың сенімхаттары, консультациялары және келісімдері сияқты бірқатар нотариаттық қызметтер онлайн форматқа көшірілді.
Енді азаматтар бұл қызметтерді нотариусқа бармай-ақ, бейнебақылау арқылы онлайн форматта ала алады.
Барлық қалыптастырылған құжаттар «Сандық құжаттар» сервисінде көрсетіледі.
Клиентті сәйкестендіру биометрия құралдарын қолдану арқылы іске асырылды.
Бұл сырттай ұқсас тұлғаларды сәйкестендірудегі қателіктер тәуекелін жоюға мүмкіндік берді.
Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында клиент қосымша СМС-код және ЭЦҚ түрінде екі факторлы аутентификациядан өтеді. Әділет министрлігі Нотариаттық палатамен бірлесіп, ерлі-зайыптылардың сенімхаттары, консультациялары және келісімдері сияқты бірқатар нотариаттық қызметтер онлайн форматқа көшірілді.
2024 жылы Түркістан облысы аумағында нотариустармен 1728 сенім хат, 454 келісімдер жасалды.
Мұхит Бекетұлы Тұрғараев,
Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы