Халық институты: "Цифр тарихы немесе он саусақтың есептегі рөлі"

Oinet.kz 30-01-2025 82

А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында "Халық институты" жобасы жұмысын бастады. 

1000283422.jpg

Жобаның алғашқы жиыны "Цифр тарихы немесе он саусақтың есептегі рөлі" деген атпен лекция форматында өтті және Шымкент қаласының тәжірибелі математик мамандары Ержан Шөкеманов, Ұлбосын Талипова, Әлия Абдразақова матетика ғылымының негіздері туралы тарқатып айтты. 

Аталған іс-шараға қалалық оқу орындарының студеттері мен мектеп оқушылары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. 

Оқырманға жаңадан таныстырылған "Халық институты" жобасы әр айдың соңғы аптасының бір күнінде өтеді. 

Бұл жоба ғылымның барлық саласын қамти отырып, оқырманның ғылыми талғамы мен талабын ұштайды. Сонымен қатар, кітапхананың ағартушылық бағытында оқырманның тұрақты ортасын қалыптастыру және студенттердің танымдық бағытын айқындау мақсатымен жұмысын тұрақты жүргізеді.

Сайрамда тұңғыш рет «Көсем» драмасы сахналанды
Түркістан облысында 1,7 млн азамат мәмс жүйесінде сақтандырылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу