Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында 17,1 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.
18 қыркүйек 2024 жыл, Түркістан облысы – Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында жүргізілген аудиторлық тексеріс барысында жалпы сомасы 17,1 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Тексеріс барысында Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 97-бабы 6-тармағы мен ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 215-тармағы 6-тармақшасының талаптары сақталмағаны белгілі болды.
Атап айтқанда, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тауарлардың жеткізілуін, жұмыстардың орындалуын және көрсетілетін қызметтердің дұрыс расталуын қамтамасыз етуге тиіс болатын. Алайда осы талаптардың орындалуында олқылықтар анықталған.