№60 жалпы орта білім беретін мектеп
Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы №60 жалпы орта білім беретін мектепте 5,76 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
18 сәуір 2024 жыл, Түркістан облысы – Түркістан облысының білім басқармасының Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№60 жалпы орта білім беретін мектебінде» жүргізілген аудиторлық тексеру нәтижесінде 5,76 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар мен рәсімдік кемшіліктер анықталды.
2021 жылдың 1 қыркүйегінен 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін педагогикалық қызметкерлерге жалпы сомасы 3,06 млн теңгеге еңбек ақы артық есептеліп, төленген. Бұл Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек Кодексінің» 79-бабының 1-тармағы мен 103-бабының 1-тармағы және ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының талаптарының сақталмауынан туындаған.
Жалпы сомасы 2,7 млн теңгеге рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5-бабы 1, 2-тармақтары және 25-бабының талаптарына сәйкес, мекемеге 18 сәуір 2024 жылы №06-16/1859 шығыс хатымен нұсқама жолданды.
Қазіргі уақытта артық төленген 3,06 млн теңгенің 2 млн теңгесі жергілікті бюджеттің 206109 шотына қайтарылды. Қалған 1,06 млн теңгені бюджетке қайтару бойынша қажетті шаралар қабылдануда.