«Онкологиялық орталығы»

Oinet.kz 12-12-2024 47

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Онкологиялық орталығында» 67,4 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

10 желтоқсан 2024 жыл, Түркістан облысы – Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Онкологиялық орталығына» жүргізілген аудиторлық тексеріс барысында жалпы сомасы 67,4 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №ҚР ДСМ-112 «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты» бұйрығының талаптары сақталмай, 33,9 млн теңгеге бұзушылық орын алған.

ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығы талаптары сақталмай, 6,2 млн теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылық анықталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы №ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығы талаптары орындалмай, жарамдылық мерзімі өткен «Аферолимус» дәрі-дәрмегі (10 мг №60) 26,1 млн теңге сомасында есептен шығарылмаған, сондай-ақ дәрілік заттарды жою туралы хабарлама ұсынылмаған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 18 тамыз 2023 жылғы №33 қаулысын орындамау салдарынан 1,1 млн теңгеге дәрі-дәрмек негізсіз тағайындалған.

Онкологиялық көмек көрсету стандарттарын сақтамау салдарынан 156,4 мың теңге тиімсіз жұмсалған.

Аудиторлық тексеріс нәтижелері бойынша тиісті органдарға ұсыныстар мен нұсқаулықтар жіберілді. Қаржылық бақылау жөніндегі шаралар жалғасуда.

«Управление культуры, развития языков, физической культуры и спорта
Онкологический центр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу