«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»

Oinet.kz 12-12-2024 49

Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 58,5 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

10 желтоқсан 2024 жыл, Түркістан қаласы – Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесінде 58,5 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

2020-2021 жылдары пандемияға байланысты өтпеген «Этноауылдың салтанатты ашылу рәсімдері» мен «Түркі кеңесінің бейресми саммиті» іс-шараларына 58,5 млн теңге көлемінде негізсіз төлемдер жүргізілген.

Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексінің» 97-бабының 6-тармағы мен ҚР Қаржы министрінің №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 215-тармағының 7) тармақшасы талаптары бұзылған.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес, мекемеге анықталған бұзушылықтарды түзету және жауапты тұлғалардың әрекеттерін қарау туралы Нұсқама жолданды. Қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылау шаралары жалғасуда.

«Отдел занятости и социальных программ города Кентау»
«Управление культуры, развития языков, физической культуры и спорта
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу