«Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Oinet.kz 12-12-2024 45

Кентау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 46,7 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

10 желтоқсан 2024 жыл, Кентау қаласы – Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит барысында 46,7 млн теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.

2020-2021 жылдары мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 2 тұлғаның карталық шоттарына ешқандай растайтын құжаттарсыз 46,7 млн теңге көлемінде заңсыз аударымдар жүргізілгені белгілі болды. Аталған тұлғалар жұмыспен қамту орталығына немесе әкімдіктің жергілікті бөлімшелеріне өтініш бермеген.

Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексінің» 97-бабының 6-тармағының және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының №246 (17 шілде 2001 ж.) талаптарының орындалмауынан туындаған.

«Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында тағылымды жиын өтті
«Отдел занятости и социальных программ города Кентау»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу