Түркістанда отбасын қолдау орталықтарын жұмысын жетілдіру үшін республикалық семинар басталды

Oinet.kz 12-11-2024 97

Түркістан облысында отбасын қолдау орталықтары қызметкерлері және мобильді топтар үшін республикалық оқыту-семинары басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Қазақстан бойынша 2024 жылдың 15 қазан-13 желтоқсан аралығында жүргізіледі. 

Screenshot_2.jpg

Түркістан қаласында 12-15 қараша күндері Шымкент қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстары өкілдерінің қатысуымен оқыту-семинарын өткізу жоспарланған. 

Дәрістің ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Отбасы саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Іңкәр Тұрсын, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова арнайы қатысып, сәттілік тіледі. 

Тренингтердің мақсаты – қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға сапалы көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестіру барысында қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігінің сапасын жақсарту. Іс-шара аясында қатысушылар отбасылармен жеке жұмыс жоспарларын құру, практикалық дағдыларын қалыптастыру, диагностика, жоспарлау және көмек көрсету мониторингін  жақсартуды меңгереді. Жоспарға сәйкес теориялық және практикалық сабақтар оқытылады. Біліктілікті арттыру курсын «Qoldau» ҚБ сарапшысы, оқыту тренері Фарида Сағындық  өткізуде. 

Семинарға үш аймақтан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс жасайтын әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, ішкі істер салаларының мамандары, балалар қүқықтары жөніндегі уәкілдері, кәмелетке толмаған балалар, әйелдер істері мен отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылары мен жергілікті жерлерде құрылған мобильдік топтардың жетекшілері және өкілдері келді. 

Қазіргі таңда елімізде 43 отбасын қолдау орталығы бар. Оның төртеуі Түркістан өңірінде жұмыс істейді. Жетісай, Келес Шардара, мен Сайрам аудандарында «Отбасын қолдау орталығы» КММ ретінде ашылып, азаматтарға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанынан 9 «Отбасын қолдау секторы» құрылған. 

Олардың негізгі функциясы - мемлекеттің отбасылық саясат шараларын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жұмысты үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету және мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру. 

Жалпы облыстағы орталықтар мен секторларда 130-ға жуық маман бүгінге дейін 3400-ден астам адамға көмек көрсеткен. Аз қамтылған, көп балалы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған аналарға денсаулық сақтау мәселелері, жұмыспен қамту, мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік төлемдер, тұрғын үйге кезекке тұру, сертификаттар алу, құқықтық және медиаторлық кеңес, материалдық көмек, психологиялық қолдау, түрлі психологиялық және мотивациялық тренингтер, өзге де оқу курстары, шағын кәсіп ашу, грант алу, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын қолдану және тағы басқа шаралар ұйымдастырылды. 

Аудан мектептеріндегі оқушылар арасында құқықбұзушылықты болдырмау бойынша мәжіліс өтті
Студенттер үйінің тұсауы кесілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу