Түркістан облысының мақташылары дауыс берді

Oinet.kz 06-10-2024 450

Мақтааралдық шаруалар мен мақташылар бүгінгі тарихи сәтке бейжай қарамай АЭС салуға қатысты өз таңдауларын жасады. Қазіргі таңда мақта алқаптарында 2 мыңға жуық адам жұмыс істеуде. 

1000233854.jpg

Жалпы аудан бойынша 62 референдум учаскесі таңертеңнен бастап сайлаушылар үшін ашық тұр. Ауданда 69 940 референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тіркелген. 

Мақтаарал ауданында мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін 61 сайлау учаскелері арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен толық жабдықталған. Сонымен бірге, 11 сурдо-тифло аудармашы, 3 инватакси, 4 әлеуметтік таксимен қызмет көрсетуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

​Түркістан қаласындағы учаскелерде ұлттық қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылуда
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу