Түлкібас: Жылыту маусымына дайындық пысықталды
Түлкібас ауданында бүгінде 196 бюджеттік мекеме бар. Оның 78-і білім беру саласына қатысты. Аталған білім беру мекемелерінің 77-і табиғи газбен қамтылған болса, 1-і ғана Иірсу елді мекенінде орналасқан мектеп қатты отынмен жылытылады. Бүгінде барлық мемлекеттік мектептің жаңа жылу беру маусымына дайындау мақсатында, ондағы жүйелерін қысымдау және жуып-шәю жұмыстары жүргізіліп, қазандықтарын толық тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімінің басшысы М.Телғараев мәлімдеді.
Нұржан Жақсылықұлы күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саласына жауапты басшыларына өздеріне қарасты нысандардың жылу жүйесін егжей-тегжейлі тексеріп шығып, нәтижесін баяндауды тапсырды. Газ кірмеген әлеуметтік нысанға көгілдір отынды жеткізу мақсатында жұмысты барынша жандандыру керектігін жеткізді.
Бұдан бөлек лездемелік жиында әлеуметтік желідегі жарияланған сыни материалдар және ауыл-аймақтың тазалығы қаралды.
Жалпы тамыз айында әлеуметтік желіде ауданға қатысты 27 сыни мақала жарық көрсе. Соның 19 тиісті бөлім немесе округ әкімдігі тарапынан жауап берілген. 8-і жауапсыз қалған немесе кеш жауап берілген.
Бұл бойынша Нұржан Жақсылықұлы жауап бермеген тиісті мекеменің басшыларын жеке-жеке тұрғызып, қатаң ескерту жасады. Тұрғындар көтерген әрбір мәселе жауапсыз қалмау керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, аудан басшысы тазалық жұмыстарына қатысты біршама әкімдерге сын-ескертпе жасап, ретке келтіруге мерзім белгіледі.
Заң баршаға ортақ. Дегенмен, кейбір кәсіпкерлеріміз дүкен, демалыс аймағы және т.б. нысандарды заңсыз соғып, одан мол пайда тауып, заңды айналып өтіп, салық төлеуден жалтарынып жүр.
Осы ретте, ауданымызда аудан әкімдігінің тікелей бастамасымен, заңсыз кәсіпкерлік нысандарды анықтап, оларды салық базасына тіркету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Бүгін аталған бағыттағы жұмыстарды саралау мақсатында, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен кезекті жиын өтті.
Басқосуға аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы У.Халмұратов, аудан әкімінің салаға жауыпты орынбасары А.Нұрлыбай, тиісті бөлім басшысы мен жауапты мамандар қатысты.
Жалпы жыл басынан бері аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ тарапынан ауыл-аймақтарға рейдтік шаралар жүргізу нәтижесіне заңсыз кәсібін жүргізіп келген 60 кәсіпкерлік нысан анықталып, соның 32 айыппұл салынған. 16 нысанның иесіне ескертулер жасалып, белгіленген мерзімде құжаттарын заңдастырмаса тиісті шаралар көрілетіндігі ескертілген.
Бұл туралы жиында аудандық құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Ештаев мәлімдеді.
Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы,
«Бүгінде әкімдіктің негізгі жұмыс бағытының бірі инвестиция тартумен қатар заңсыз кәсіпкерлік нысандардың құжаттарын заңдастырып, салық базасына тіркеу арқылы жергілікті бюджеттің кіріс көзін ұлғайту болып табылады. Сол арқылы біз ауданымыздың әлеуметтік-экономикасын арттырып қана қоймай, көптеген қаржыға тіреліп, түйіні шешілмей тұрған мәселелердің шешімін табамыз. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасаймыз»-деп, тиісті орынбасары мен жауаптыларға бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесе отырып рейдтік шараларды жалғастыруды тапсырды.