UNICEF Түркістан облысында зерттеу жүргізуде

Oinet.kz 04-09-2024 221

52.jpg 

2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап UNICEF ұйымы әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) жұмыстары басталды. Зерттеу жұмыстары Түркістан облысы бойынша – 824, ал ел бойынша 24 мың үйді қамтиды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен   брифингте Ұлттық статистика бюросының облыстық департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов баяндады.

«Зерттеу жұмыстары Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) және Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі. 1996 жылдан бері 118 елде аталған зерттеу жүргізілген. Қазақстанда бұл жұмыстар төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген. Зерттеудің негізгі мақсаты – балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қажетті негізгі көрсеткіштерді жинау. Сауалнама жұмыстарына қатысу әрбір тұрғынның өз еркінде. Аталған зерттеу қорытындысы бойынша есеп Ұлттық статистика бюросының және UNICEF сайтында жарияланады»-деп мәлімдеді спикер.


Мақтаарал: Өркениетте жаңа мектеп ашылды
Шардарада жаңа жол пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу