Шардара: Жастар ресурстық орталығына жаңа ғимарат тапсырылды

Oinet.kz 31-08-2024 63

38.jpg 

30 тамыз – Конституция күні мерекесінің қарсаңында аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа ғимарат тапсырылды. Ашылу салтанатына өңір басшысы Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Жастар - қоғамның қозғаушы күші. Қай кезде де болмасын жас буынға артылатын сенім мол. Міне, өздеріңізге белгілі Тұңғыш Президент саябағының төрінде орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, Жастар ресурстық орталығына тапсырып отырмыз. Әрқашан елдің өркендеуі мен дамуына үлес қосып, жастық жігерлеріңіз мұқалмай, жарқын болашақтың тұтқасын ұстар тұлға болыңыздар»- деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Арман Романұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібековпен бірге ғимараттың ресми ашылу лентасын қиды. Аудан басшысы жаңа ғимаратпен танысып, бірқатар белсенді жастарға алғыс хат тапсырып, жаңа ғимаратқа тарту жасады.


Мәдениет вице-министрі түркістандықтармен кездесті
БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар сенбілік ұйымдастырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу