Тазалық шаралары Төлеби ауданында да жалғасты

Oinet.kz 26-08-2024 55

24.jpg 

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық науқаны аясында Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағында тазалық шаралары жалғасын табуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Ауданға қарасты 1 қала, 12 ауылдық округтегі елді мекендерде жол бойы мен халық көп шоғырланатын орындарда сенбілік өтті. Шара барысында аялдамалар сырланып, қураған шөптер орылды. Сондай-ақ, егілген көшеттерге күтіп баптау жұмыстары жалғасын тауып, жол бойы жабайы шөп пен тікендерден тазаланды. Барлық елді мекен мен көше атауларының жазбаларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аудан тұрғындары әрбір сенбілікте белсенділік танытып, көпшілікті тазалықты сақтауға шақыруда.

Сондай-ақ, Созақ ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен сенбілікке мекеме қызметкерлері, ардагерлер ұйымы және қоғамдық ұйым мүшелері мен белсенді жастардан бөлек, елді мекен тұрғындары да атсалысты. Қарақұр ауылдық округіне қарасты Раң ата елді мекенінің тұрғындары ауыл аймағын қоқыстардан тазалап, талдарды суғари жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ауылдың ішікі көшлері мен күре жолдың бойында тазалық жұмыстарын атқарды. Шараға 70-ке тарта тұрғын мен 2 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылды.

 


«Таза Қазақстан»: Сенбіліктер барлық аудандарда жалғасуда
Түркістан мен Қырғызстан кәсіпкерлері тәжірибе алмасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу