Абай ауданы: Тұрғындар бірауыздан науқанға қатысып, наурызды тойлады

Oinet.kz 19-03-2023 212

Нұршуақ шағынауданы тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Сайлауда дауыс беріп, өз таңдауын жасап шыққан нұршуақтықтар «Армысың, әз Наурыз!» атты мерелік іс-шараға белсенді түрде қатысты. 


Тұрғындар дастарханға қойылған наурызкөжеден дәм татып, балалар алтабақан тепті. Тойға келген жұртшылық арқан тартысып, қол күресінен сынға түсті. Өнерпаздардың концерттік бағдарламасы тойдың көркін қыздырды. 

– Таң азанымен тұрып, учаскелік сайлауға бардық.  Сайлау – маңызды шара. Біздің әрқайсымыздың даусымыз еліміздің ертеңін жарқын болашаққа бастайды. Ал жаңа партия, жаңа кандидаттардан халықтың үміті көп. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азаматтар сайланып, Отанымыздың абыройы асқақтай берсін.

Шағынаудан тұрғындары мерекенің өтуіне де ерекше атсалысып отыр. Бәрі бірауыздан науқанға қатысты, - дейді ауыл белсендісі Зибагүл Қосуақ.

Шымкентте 100-ге келген кейуана дауыс берді
Шымкентте әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа ипподром ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу