Мәжіліс сайлауы: Дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгереді

Oinet.kz 27-02-2023 294

Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгертіледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында белгілі болды.

Screenshot_20230227_161413_Facebook.jpg

«Біз бюллетеньдердің көлемін өзгертеміз. Ол үшін тәжірибе жасап көрдік. Егер әдеттегі А4 емес А 5 қағазын қолданатын болсақ, онда бюллетень жақсы оқылады. Бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ болады. Ал 8-і позиция барлық кандидатқа қарсы дауыс беру жолағы. Егер бір мандатты округтерге келсек, 16 кандидаттың аты-жөні еркін сияды және көзге көрінеді. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орындар жабдықталады. Егер депутаттыққа кандидаттардың саны 16-дан астам болса, онда бюллетеньнің мөлшері ұлғая түседі», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін Мәжіліс сайлауына 12 млн-нан астам дауыс берушінің тіркелгені туралы хабарлаған едік.

26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.

Түркістан: Шетелдік байқаушылар өңірдегі сайлау дайындығымен танысты
Мәжіліс сайлауы: 12 млн-нан астам дауыс беруші тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу