Халық таңдауы – тарихи таңдау
Біздің болашағымыз дұрыс таңдауымызға байланысты. Оқып, естіп жатқаныңыздай, жақында елімізде маңызды сайлау өтеді. Яғни, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаймыз.
Биліктің өкілді органдарын жаңарту, Мәжіліс пен мәслихаттарды құрудың жаңа қағидаттары атқарушы вертикалды – Үкімет пен әкімдіктерді кешенді қайта құрумен тығыз байланысты. Алдағы уақытта Үкімет құрамына көпшілік дауыс алған партияның өкілдері ғана емес, басқа парламенттік партиялардың өкілдері де енетін болады.
Бұл саяси науқанға әр қазақстандық қатысып, дауысын беру керек. Өз болашығымызды өзіміз жасауымыз қажет. Еліміздің одан әрі дамуы да, әр азаматтың жеке әл-ауқаты да, көбіне осы адамдардың шешімдеріне тәуелді болады. Сол себепті дұрыс таңдау жасайық.
Енді саяси партиялар өздерінің сайлауалды стратегиялары мен кандидаттарын нақтылайды. Өзін-өзі ұсынушылар да болады.
Біз бәріміз де сайлаудың әділ өтетініне сенім артамыз және бәсекеге қабілетті болады деген үмітіміз бар. Халықтың өзі лайықты депутаттарды сайлауы керек.
Қазақстандықтар үшін парламент пен мәслихаттардың саяси жаңаруы символикалық түрде көктемгі жаңару кезеңінде – Наурыз мейрамына қарсы өтеді. Бұл символизм жаңа күштердің келуін, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын және елдің одан әрі тұрақты және табысты дамуына бағытталған жаңа шешімдердің қабылдануын бейнелейді.
Сайланатын депутат ханымдар мен мырзалардың барлығы да елімізге адал еңбек етіп, гүденіп, көркеюіне септігін тигізе алатынына сенгіміз келеді.
Әсия ӘШІРБЕКОВА,
Арыс қалалық И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі