Түркістан экономикалық аймаққа айналмақ

Oinet.kz 21-11-2022 350

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында «Қазір Қазақстан дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық ахуал мүлде басқа. Бүгінгі сын-қатерлер де, міндеттер де  бөлек» деп атап өткен болатын.

Screenshot_14.jpg

«Мемлекетіміздің өркендеуі  аймақтардың қуатты болуына  тікелей байланысты. Мен бұл мәселеге 2019 жылғы Жолдауымда  кеңірек тоқталдым. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстаным  әрдайым  өзекті. Осы орайда, еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылымның оңтайлы болуы  өте маңызды. Бұған дейін Шымкент республикалық маңызы бар қалаға айналды. Облыс орталығы  Түркістан қаласына көшірілді. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп аталды. Бұл қай жағынан алсақ та, дұрыс қадам болды. Оны халық өте жылы қабылдады. Мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда осы үрдіс жалғасатынын айтқан едім» деді Президент. 

Енді, міне Түркістан қаласы жыл санап түрік тектес халықтардың кіші ордасына айналып келеді. Мұнда құйылып жатқан инвестицияның да мөлшері жоғары. Мәселен, аймақтың бес жылдық жоспарына өзгерістер енгізіліп, кейбір жобалар қайта қаралуда. Атап айтсақ, облыста 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 1,9 триллион теңгеге 9596 жаңа жұмыс орынын құрайтын 71 инвестициялық жобаның тізбесі қайта өзектендірілді. Оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 225,6 миллиард теңгеге 915 жұмыс орнын құрумен 9 жоба бар. Жыл соңына дейін жалпы құны 29,9 миллиард теңгеге 1197 жұмыс орнын құрумен 25 инвестцииялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.  Қазіргі уақытта жалпы құны 17,7 миллиард теңгеге 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашумен 18 инвестициялық жоба іске қосылды. Одан бөлек, облыста өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жалпы құны 1,4 триллион теңгеге 3595 жұмыс орнын ашатын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысының Түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы аясында Түркістан қаласында «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылмақ. Ол қолданыстағы «TURKISTAN» АЭА аумағында құрылатын болады. «TURAN» АЭА  аумағында қолданыстағы заңнамада шектеу қойылған қызмет түрлерінен басқа экономикалық қызмет түрлерінің «өңдеу өнеркәсібі» секциясына жататын қызметтің барлық түрі қамтылады.  Аймақта халықаралық, өңірлік стандарттары және дауларды шешуде британдық (Арбитраж) құқықты қолдану мүмкіндігі қарастырылған.  

Өткен айда Самарқанд қаласында (ӨР) Түркітілдес Мемлекеттер Ұйымына мүше елдердің Мемлекет басшыларының қатысуымен өткізілген Саммитінде «TURAN» АЭА құру туралы Қазақстан Республикасының бастамасы барлық мүшелер тарапынан қолдау тапты. Негізгі мақсат – Түркістан қаласын жеделдете дамыту және Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін жоғарылату. Оның аумағы 4 гектарды құрап, 6 қосалқы аймақтан тұрады. Олар: Тарихи орталық, Әкімшілік-іскерлік орталық, Greenfield (Оранғай ауылы), Brownfield өнеркәсіптік қосалқы аймағы (Кентау қаласы) және Түркістан қаласы мен халықаралық әуежай аумағы.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ақпарат құралдарына берген сұқпатында, «Біздің басым бағыттардың бірі – өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта бар мүмкіндікті қарастырамыз. Бұл ретте Түркі мемлекеттерінен де инвестиция тартудың маңызы зор», – деді өңір басшысы.

Кітапханашылар семинары
Білімді ұрпақ – ел болашағы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу