Түркістандық диқандарға жеңілдетілген несие үлестірілуде
Түркістандық диқандардың көктемгі егіс науханына ерте бастан қамданатыны белгілі. Осы наухан қарсаңында олар екінші деңгейлі банктерге несие алу үшін қайырылып жатады. Ендігі жерде Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласы өкілдерін қолдау бағытындағы жұмыстар күшейтіліп отыр.
Атап айтсақ, фермерлерге «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» микроқаржы ұйымдарынан көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген қаржыны желтоқсан айынан бастап бере бастады.
Түркістан облысы әкімнің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, ағымдағы жылы жалпы егіс көлемі 67,4 мың гектар жердегі 813 жоба қаржыландырылып, шаруаларға 3,9 миллиард теңге берілген болатын.
Ал «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» микроқаржы ұйымдары бірлесе отырып, 2023 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына 4,3 миллиард теңгені игеруді жоспарлануда.
Жыл сайын «ОҢТҮСТІК» АИО еншілес ұйымы «Ырыс» микроқаржы ұйымы мен «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы тартылған қаражат есебінен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыратыны белгілі. Көбінде қаражат жинау көктемгі кезеңде жүзеге асырылатын. Яғни, фермерлер өз қаражаттарын тек көктем мезгілінде алып келді. Бұл Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда көктемгі егіс жұмыстары ертерек басталатын оңтүстік өңірлердің аграрийлері үшін қолайсыз болды.
Жеңілдетілген несиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін үлкен жұмыс атқарылды. Нәтижесінде Аграрлық несие корпорациясынан жылдың желтоқсан айында аграрларды қаржыландыратын қаражат мақұлданды.
Жеңілдетілген несиелер беру процесін жеделдету үшін қаражат алуға ниетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің алдын ала тізімі жасалды. Бұдан басқа, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында егіс тұқымдарының элиталық сорттарын сатып алуға қаржыландыру жоспарлануда. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына және бір алаңнан 2-3 өнім алуға басым болды.