Бірлік пен Шауғарда толғандырған мәселе көп

Oinet.kz 26-11-2022 293

Түркістан облысы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындар алдында есеп беру жиындарын өткізуде. Қала әкімінің кезекті кездесуі «Бірлік» секторында болды. Жыл басынан бері бұл секторда 3 рет кездесу өтіп, 93 мәселе көтерілген болатын.

Оның 46-ы орындалған (оның 12-і инфрақұрылым, 25-і жол мәселесі, 4-і қоғамдық көлік, 3-і электр жарығы және 2 әлеуметтік сала). 9 мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, 14 мәселенің заңдылығы түсіндірілді. Кездесулерде «Бірлік» секторында электр қуатының төмендігі бойынша 6 шағым түскен болатын. Нәтижесінде Арнасайға - 3 дана, Ару ана аймағына 1 дана,  сегіз көшеге 1 дана трансформатор орнатылды.

Сонымен қатар жаңадан қоныстанған аумақтарға ауыз су жүргізу мақсатында жаңа жоба іске асырылуда. «Бірлік» секторында 167,3 шақырымды құрайтын 164 көше болса (оның ішінде 17 көше асфальт жол, 130 көше тас жол, 17 көше топырақ жол), ағымдағы жылы 16,5 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді, 16,7 шақырымды құрайтын 11 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Сондай-ақ, 3,4 шқ құрайтын 3 көшені орташа жөндеуден өткізу көзделуде. Оған қоса, «Бірлік» тұрғын алабына қарасты қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге 8 дана аялдама орнату жоспарлануда.

Атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндаған шаһар басшысы тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Көтерілген мәселелер зерделеніп, заңға сәйкес, жоспарлы, кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті.

Шауғар секторында 177 көше болса (оның ішінде 67 көше асфальт жол, 91 көше тас жол, 19 көше топырақ жол), ағымдағы жылы 30,8 шақырымды құрайтын 30 көшеге тас төселіп, 20,5 шақырымдық 19 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Одан бөлек, сектор аумағында 20 аялдама орнатылып, екі бағдаршам жаңартылды. Бұл жөнінде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Шауғар» шағын ауданы тұрғындарымен кездесу барысында баяндады.

Темір жол аумағында жаяу жүргіншілер үшін 2023 жылы көпір құрылысы жоспарлануда, Қалаби көшесінің құрылысын 2023-2024 жылдары іске асыру көзделуде. Сондай-ақ, «Шауғар» секторында 3 нысанның құрылысы аяқталып, 5 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, бір нысанның құрылысы жүргізілуде.

Тұрғындар өтініші негізінде 4 трансформатор орнатылды. Алдыңғы кездесулерде М.Мақатаев, Серт, Тұңғыш Президент, Әлімтау, Бөкейхан, Сүлейменов, Аубакиров, Асфендияров, Асанов және Нарбаев 3-ші мен 4-ші тұйықтарында ауыз су жоқтығы туралы шағымдар түскен болатын, нәтижесінде аталған көшелерде бұл мәселе толығымен шешімін тапты. 

Жалпы жыл басынан бері секторда қала әкімінің тұрғындармен өткізген 3 кездесуі барысында 93 мәселе көтерілген болатын. Оның 46-сы орындалды (оның 12-і инфрақұрылым, 25-і жол мәселесі, 4-еуі қоғамдық көлік, 3-еуі электр жарығы және 2-і әлеуметтік сала), 9 мәселе бойынша жұмыстар жоспарлы жүргізілуде, 14 өтініштің заңдылығы түсіндірілді. 

Бүгінгі кездесуде де шауғарлықтар жол мен жарық мәселесін көп көтерді. Нұрбол Әбдісаттарұлы барлық өзекті мәселенің бір деммен шешілуі мүмкін емес екенін түсіндіріп өтті. Биыл бірқатар өтініштер орындалды, бірқатар өтініштер келесі жылғы жоспарға енгізілді.

Облыстық ардагерлер байқауы
Түркістан облысының әкімі Ордабасы ауданы тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу