Республика күні - дербес мемлекеттіліктің мерекесі

Oinet.kz 25-10-2022 564

Республика деген әрине мемлекет. Бірақ негізі халық билігіне негізделген мемлекеттік басқару жүйесі. Онда халық Президентін, Үкіметін,  Парламентін белгілі мерзімге сайлайды. Халық сайлайды. 

Screenshot_2.jpg

Президент Қ.Тоқаев Ұлытауда осы күнді Республика күні болсын дегенде меңзегені - Жаңа әрі әділетті Қазақстанды құрудағы бір қадам деп ұқтым. Яғни Республика күні деген - демократия,  құқық, зайырлылық ұстанымдарын дәріптеп, оның анықтамасын, ұстанымдық тетіктерінің тек құқықтық негізде жүзеге асуын қадағалайтын мемлекеттің мейрамы болуы керек.

25 қазан - Республика күніне Ұлттық мереке деп статус берудің өзі бекер емес. Демек, әрбір отандасымыз айтулы мерекенің маңызын жан-тәнімен ұғынып, қуанышпен қарсы алуы керек.

Досай КЕНЖЕТАЙ,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ теология факультетінің деканы, дінтанушы, философ

25 қазан - республика күні: Дербестікке жол салған декларация
Республика күні – Отаншылдық рухты көтеретін мереке
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу