Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?

Oinet.kz 30-09-2024 85

P.Diddy лақап атымен танымал америкалық рэпер, музыкалық продюсер Шон Комбсқа адам сату, зорлау, өлтіру бойынша айып тағылды. Өнер иесі 17 қыркүйекте ұсталды. Кейін әлеуметтік желіде рэперге қатысты мәліметтер мен оның жабық кештеріндегі былық туралы айтыла бастады. Massaget.kz тілшісі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап көрген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.jpg

P.Diddy деген кім?

54 жастағы Шон Комбс - америкалық рэпер, 90-шы жылдардан бері танымал хип-хоп продюсер. Комбс көпшілікке Puff Daddy, P. Diddy және diddy лақап аттарымен танымал. Ол Notorious B. I. G. есімді рэпердің продюсері болды, ал өзінің no way out дебюттік альбомының 7 миллионнан аса данасы сатылды. P.Diddy үш рет Грэмми сыйлығының лауреаты болды және Мэрайя Кэри, Мэри Джей Ближ және Ашер сияқты жұлдыздармен жұмыс істеді. 

Оның Combs Enterprises компаниясында бірнеше бизнес тіркелген: Enyce киімдер желісі, Justin's мейрамханалары, Dallas Mavericks баскетбол клубы формасының дизайнері болған, Diageo компаниясымен серіктес болып, Cîroc ішімдік брендін дамытты, Revolt TV телевизиялық желісінің көп бөлігін сатып алды, Bad Boy Records лейбл каталогынан түскен қаржыны иемденді, киноға түсті, White Party кештерін ұйымдастырды және каннабис (психотроп зат - еск.) өндіретін компанияны басқарды. 2022 жылы Forbes оның байлығын 1 миллиард долларға бағалады, ол Jay-Z-ден кейінгі ең бай хип-хоп орындаушысы тізімінде екінші орында болды.

Не үшін P. Diddy-ге айып тағылды?

Комбсақ қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы былтыр қарашада белгілі болды. Оның бұрынғы сүйіктісі Кассандра Вентура рэпер бірнеше жыл бойы оған физикалық және сексуалдық тұрғыда зорлап, оның жеке және кәсіби өмірін бақылауда ұстағанын айтты. Кейін Кассандра Вентура рэпер үстінен арыз түсірді, алайда келесі күні екеуара келісімге келіп, әйелге 30 миллион доллар төленгені белгілі болды. 

Бұдан кейін P. Diddy үстіне аноним қыздардан бірнеше арыз түскен. Олар да рэпер қысым көрсетіп, зорлағанын алға тартқан. 23 қарашада екі қыз 1991 жылдары зорланғанын айтып, арыз жазған. 6 желтоқсанда есімін атамауды өтінген тағы бір қыз P. Diddy-ді бірнеше адаммен зорлау, адам сату бойынша айыптады. 

Шомбсты тек әйелдер емес, танымал өнер иелері де айыптай бастады. Биыл ақпанда музыкалық продюсер Lil Rod Джонс оны жалдамалы секс-қызметкерлермен интим қатынасқа түсуге мәжбүрледі деп сотқа берді. 

Мамырда тағы екі әйел Шомбсты есірткі қабылдауға мәжбүрледі деп арыз түсірді.

Биыл мамырда Diddy-дің Кассандра Вентураны шашынан тартып, аямай тепкілеп, ұрып жатқан видеосы пайда болды. 

Кейін тексеріс нәтижесінде оның үйінен баланың денесіне арналған мыңға жуық май табылған.

Комбс ұйымдастырған Freak off party деген не?

Freak off party - бұл P. Diddy ұйымдастырған ауқымды шаралардың бірі. Бұл кешке кез келген жұлдыз қатыса алмайды, бұған арнайы шақырту қажет. Шетелдік басылымдар мәліметінше, бұл кештер әдетте есірткі қолданумен, адам зорлаумен аяқталады. 

Кейін желіде мұндай кештер қонағы болған жұлдыздардың суреттері де пайда болды. 

Мұндай кеште болғандардың ресми тізімі әлі жарияланған жоқ, алайда желіде расталмаған тізімдер тарап жатыр.

Онда Рианна, Кардашьяндар, Мэрайа Кэри, Дженнифер Лопес, Леброн Джеймс, Леонардо Ди Каприо сынды жұлдыздардың есімдері аталады. 

Джастин Бибер мен P. Diddy қатынасы

Джастин Бибер P. Diddy-мен қамауға алынғаннан кейін байланысын үзді, ал бір кездері онымен жақын дос болған еді. 2009 жылы, Джастин небәрі 15 жаста болғанда, ол рэпердің жанында 48 сағат болған, тіпті екеуінің бірге уақыт өткізгені бейнеленген видео YouTube-те бар.

"Қазір екеуміз фильмдердегідей 48 сағат бірге өткіземіз. Он бес жастағы бала үшін бұл - арман", - дейді Комбс видеода. 

Алайда бұл кездесуде нақты не болғаны жұмбақ, бірақ жанкүйерлер Бибер үшін қатты алаңдайтындарын айтты. Рэпер қамауға алынғаннан кейін, Бибердің жанкүйерлері оның әндеріндегі мәтіндерінен оғаш нәрселер байқай бастаған, мысалы, Джастин Lonely әнінде жас кезіндегі азабы туралы айтқан. 

Көп ұзамай желі қолданушылары оның әндеріндегі сөздер P. Diddy-мен қарым-қатынастың нәтижесі болуы мүмкін деген теорияларды тарата бастады. 

P. Diddy-мен қарым-қатынасын үзген жұлдыздар

Жаңа айыптаулар аясында жұлдыздардың көбі P. Diddy-мен қарым-қатынасын үзуге асық. Алайда онымен бұрыннан қас болған 50 Cent-те пікір қалдырған. Бұдан бірнеше күн бұрын ол P. Diddy-дің бүкіл былығы туралы сериал түсіретінін айтты. 

Тағы бәр америкалық рэпер Eminem 1996 жылы Fucking Crazy әнінде, 2000 жылғы Marshall Mathers әнінде рэпер туралы айтады. 

Енді не болмақ?

Алдағы айларда Манхэттеннің федералды соты P. Diddy ісін қарайды. Процесс ұзақ және күрделі болуы мүмкін, себебі прокурорлар дәлелдің көп екенін айтты: фотосуреттер, бейнежазбалар, хабарламалар және айғақтар. Комбстың адвокаттары барлық іс-шара қатысушылардың келісімімен ұйымдастырылғанын айтты. Рэпердің өкілдері оны 50 миллион доллар төлеп, кепілдік арқылы босатуға тырысты, алайда P. Diddy Бруклиннің федерал түрмесінде қамауда болады, себебі судья оны "қоғамға қауіпті" деп санап, кепілден бас тартты. Енді жұлдыздың болашағы мен оның музыкалық мансабы сот шешіміне байланысты болады.

«Салта денемнің әр бөлігінде өмір сүріп жатыр»: Марқұм Нүкенованың анасы жазба жариялады (ВИДЕО)
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу