«Семіздерді жек көремін»: Меруерт Түсіпбаева сөзіне килігіп отырған еркектерге үндеу жасады (ВИДЕО)

Oinet.kz 01-10-2024 237

Танымал актриса Меруерт Түсіпбаева "толықтарды жек көремін" деген сөзі үшін еркектерге үндеу жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

Өнер иесі сөзі үшін ер адамдардан сөз естіп жатқанын айтты. 

“Мен толықтарды жек көремін” деген сөзім үшін хейттің астында қалдым. Түрлі әлеуметтік желіге жариялап жатыр екенсіздер. Арнайы жазба жариялап отырған еркектерге айтарым бар: Алдымен, денсаулығы үшін семіздікке ұшыраған жандардан кешірім сұраймын. Семіздік деген – қасірет. Екіншіден, өсек термей спортпен айналысыңыздар, құрметті еркектер! Диваннан түсіп, халықтың жағдайына көңіл бөліңіздер! Қоғамның қызу талқысына түсіп жатқан АЭС-ті зерттеңіздер! Мемлекет пен халықтың жағдайын айтып, жыртысын жыртыңдар! Соған көңіл бөліңдер!”, – деді мәдениет қайраткері. 

Еске салайық, өнер иесі артық салмағы бар адамдарды ұнатпайтынын жасырмады. 

“Қазір айтсам, маған ашуланатын шығар, негізі толық адамдарды жек көремін. Бірақ оның денсаулығы жоқ шығар, сондықтан кешірім сұраймын. Дегенмен қалай болғанда да әйел болсын, еркек болсын өз салмағына қарау керек. Түсінемін, 50-ден асқан соң барлық әйелде физиологиялық өзгеріс болады, сол кезде адамның салмағы құбылып тұрады. Денсаулыққа да байланысты болуы мүмкін", – деді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу