«Салта денемнің әр бөлігінде өмір сүріп жатыр»: Марқұм Нүкенованың анасы жазба жариялады (ВИДЕО)

Oinet.kz 22-09-2024 1298

Экс-министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан марқұм Салтанат Нүкенованың анасы қызы жайында жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.jpg

Ол қызына деген сағынышын жазып, өздерін әлі күнге дейін қолдап келе жатқандарға алғысын білдірді.

«Мен осы айлар бойы қызымның есімімен ұйықтап, оянып жүрмін. Салта әрқашанда менің ойымда және денемнің әр бөлігінде өмір сүріп жатыр. Бізден үйіміздің жаны мен күнін тартып алды. Кеудедегі ауырлық қалған өмірімнің соңына дейін қала бермек. Астанада балаларынан айырылып қалған аналармен болған кездесуден соң менің Салтамның жаны жәннатта екеніне тағы да көзім жетті. Жеп-жеңіл көйлек киген ол біздің әкесі және маған, ағасына ары қарай да өмір сүруімізге сол жақтан көмектесіп тұрады. Кездесулерде адамдар қасыма келіп құшақтап біздің отбасымызды және Салтаны жақсы көретіндерін айтады. Сіздердің қолдауларыңызға алғысымды білдіремін. Әлі күнге дейін қолдап келесіздер», - деп жазды анасы

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhumagul Nukenova (@zhumachka2805)

«Екі жарым жыл ішпедім»: Мұрат Әбділда түрмедегі өмірінің қалай өткенін айтты
Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу