«Менің жолымды қуып келе жатыр» Ерболат Беделхан 91 тобының үзіліс алуына қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 03-10-2023 729

Танымал әнші, продюсер Ерболат Беделхан “Gakku” арнасына берген сұхбатында "Ninety One" тобының кез келген шешіміне қолдау білдіретінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

“Негізінде олар мықты музыканттар. Топ құрылғалы бері, балаларды жинаған кезден бастап бойларындағы қасиеттердің бәрін білдім. Біз жеке-жеке кетіп, әр қайсысымыз өзіміздің жолымызға түскен кезде жігіттердің “белгілі бір күйзелістен өтеді-ау” деп ойладым. Сол күйзелістен дұрыс өтсе жақсы болар еді. Айтқым келгені, шығармашылық күйзеліс, өнер жолы, шығармашылық таңдау мәселесі”, – дейді Ерболат Беделхан.

Продюсер "Ninety One" тобының белгісіз мерзімге үзіліс алатынына қатысты ойын айтты. 

“Кез келген шешімін қолдау керек. Тағы қайталап айтайын, менің жолымды қуып келе жатыр. Қалай қарасаңыз да, мұнда ешқандай жаңашылдық жоқ.  "Orda” қандай жолдан өтсе, “Ninety One" дәл сол жолды қайталап келе жатыр. Қанша жерден ерекшеленіміз десе де, ешқандай өзгеріс жоқ. Кезінде біз де тайм-аут алдық. Бір емес, үш рет. Сондықтан бір нәрсені жаңадан құру үшін, ескіні қиратудың қажеті жоқ”, – деп пікір білдірді өнер иесі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от GAKKU (@gakkutv)

Ақтауда 21 жастағы қыздың өліміне қатысты іс сотқа жетті: Полицейлер істі жасырмақ болған
«Депутаттар бос жүреді» деп ойлайтын халық қатты қателеседі»: Руслан Берденов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу