Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Оқу бітіріп келгесін орыс мектебіне жұмысқа кірген болатынмын. Жұмыста тиянақтылығыммен көзге түсе бастағасын, бір орыс апай мені көре алмай сыртымнан оқытқан екен.
Аяқ киімімнің ішіне оқылған мак шашып, өлімімді қалаған екен. Бір жыл бойы аяғым ауырып, соңы баса алмайтын жағдайға жеттім. Тағы ұялмай көрген жерде "Как здоровья?" деп сұрап жүретін. Сонда түсіме төртінші атамның әйелі, яғни әжем кіріп, аян берді. "Арыстан бабтың басына барып 13 күн түне" деді. Жазда әулиенің басына барып келсем, мені дуалаған орыс кемпірдің менімен түйдей жасты қызы қайтыс болыпты. Жақсылық та, жамандық та өзің қайтып келеді екен. Соған көзім жетті.
Күнсұлу