Абысыным күйеуімнің ойын бұзып, қойнынан бірақ шыға ма деп қорқамын

Oinet.kz 15-09-2024 1645

Жасым 35-те. Тұрмыс құрғаныма 15 жыл болды. Үлкен ауылға, үлкен әулетке келін болып түстім. Келім-кетім адам көп. Жұмысқа шықпай жай жатып қалдым біраз жыл. Өзім де 6 баланы дүниеге әкелдім.

Screenshot_7.jpg

Алғашқы жылдары күйеуім екеуміздің арамыз жақсы еді. Қазір түсініксіз. Үйде адам көп болғасын, бір-бірімізге көңіл де бөлмейміз. Күйеуім де 6 ағайынды. Қайын әпкелерім тұрмыста. Қайын сіңлім оқуда. Үйде қайын ағам мен абысыным бар. Негізі ата-енем еншісін беріп, қаладан үйін салып бөлек шығарған. Бірақ құдайдың құтты күні үйде жүреді. 

Қайын ағам 2 жыл бұрын екінші рет үйленді. Оның балалы болуға мүмкіндігі жоқ. Енді абысыныма ЭКО жасатамыз деп аузымыздан жырып, ақша жинап отырмыз. Бірақ, өкініштісі қайын ағамның ұрығы оған жарамайды екен.

Бұны жазып отқаным 2-3 күн бұрын ата-енемнің менің күйеуімнің ұрығын салу керек деп талқылап жатқандарын естіп қойдым. Абысыным өзімнен 2 жас кіші. Мінезі тым жеңілтек. Жақында ата-енеммен ауруханадан келе жатып, үйдің алдында абысынымның күйеуіме бірдеңелерді айтып жыртыңдап тұрғанын көріп қаным қарайды. Сөйтіп жыртыңдап жүріп ертең "ЭКО-ға ақша құртып қайтеміз, одан да...", деп күйеуімнің ойын бұзып, қойнынан бірақ шыға ма деп қорқамын. 

Күдіктенуімнің тағы бір себебі, бұрын есік көрмеген абысынымның пәк болып келмегені. Бір-екі таныстардан бұрын жезөкше болған деген сыбыс естіп қалғаным. Оның үстіне қайын ағамның да қыздарға көп баратынын бәрі біледі. Сөйтіп тапқан сайқалы емесіне кім кепіл?

Қайын ағам да өте жауапсыз адам. Отбасын қамтамасыз етіп, ұстап отырады деп айта алмаймын. Жасы қырыққа келсе де баланың тірліктерін жасайды. Талай ақымақтық жасады. Күйеуім мен ата-енем жанұшырып жүріп, ақтап алып жүр. Мейлі ғой, абысыным көтеріп, босансын. Ертең қайта ажырасып кететін болса, баласын құшақтап күйеуіме "бұл - сенің балаң. Бағуға міндеттісің деп тұрмасына кім кепіл?" 

Өзімнің жәудіреп отқан 6 балам бар. Басында екіншімді босанған кезде қайын ағам мен бірінші әйеліне берем деп ойлағанмын. Дегенмен, өз басын өзі алып жүре алмайтын адам екеніне көзім жеткесін айнып қалдым.

Ал егер мен кездейсоқ бұл әңгімені естіп қалмағанда не болар еді? Енді не істерімді білмей басым қатып жүр. Күйеуім менің сөзіме құлақ асатын адам емес. Өз дегенін жасайды. Ата-енеме айтсам, күйеуіме "әйеліңді тый" деп, арамызды одан бетер ушықтырып жібере ме деп қорқам. Бірақ бұған жол беруге болмайтынын ішім сезеді.

Өмірімді қор қылған шеше
Құрбым не көрмеді десейші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу