Күйеуімнің бұрынғы ғашығы ажырасып келгелі бәле болды

Oinet.kz 04-04-2023 3461

Амансыздар ма, құрметті оқырман. Мен бүгін сіздермен сырыммен бөліскім келеді. Ішіме сыймай бара жатқандықтан осында жазуды ұйғардым. Не жазармды ұмытып қалғандаймын, жүрегім қатты ауырып отыр.

Screenshot_2.jpg

Бәрін басынан бастайын. Жасым 23-те, тұрмыс құрғаныма 4 жыл болды. Алла бере салған қызым бар, жасы 3-те. Жанымда арқасүйер азаматым, қорғаным, жаным бар. Бір-бірімізді сүйеміз. Екеуміз 3 жыл жүрдік, тұрмысқа шыққан соң 1 аптадан кейін бөлек шықтық, шүкіршілік етемін өзіміздің үйіміз бар 5 бөлмелі.

Менің жолдасым өте керемет адам, айтқанымды қолынан келгенше жасауға тырысады. Мен де оны жақсы көремін. Бірақ кеше оның ұялы телефонын кездейсоқ қарай салған едім, бұрынғы қызымен сөйлесетінін біліп қалдым. Ол қыздың аты-жөнін өзгертіп сақтап қойыпты телефонына. Осыны көргеннен кейін әбден мазам кетті, жылағым келеді де тұрады. Күйеуімнің бұрынғы қызы қазір 1 қызы бар ажырасқан келіншек.

Күйеуімнің басқа қызбен сөйлесуі бірінші рет емес. Ылғи да ұсталып қалады. Оған ашуланып кетем десем, жалынып алып қалады. Екінші қайталанбайды, кешірші деп қайталай береді. Енді міне, әлі де бұрынғысымен сөйлесетінін көріп, қатты ашуланып отырмын. Оған жазған сөздері ойымнан кетер емес.

Ол қыздың ауруханада жұмыс істейтінін білемін, барып быт-шытын шығарсам ба екен. Негізі бар кінә күйеуімде ғой.

Ажырасайын десем тату-тәтті тұрамыз, отбасымды бұзғым келмейді. Сүйемін оны. Оның неге бұлай жасап жүргенін түсінбеймін. Не істеуге болады?

Аноним

Alashainasy.kz 

Туған анам өмірімнің күл-паршасын шығарды
Қолына артық ақша бітсе күйеуімнің құтырып кететінін білемін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу