Қыздың дәретханаға қанша рет шыққанын санап отырады

Oinet.kz 13-02-2023 4298

Бір ұзақ үйлене алмаған жігіт бар. Жасы 40 асып кетті. Медик өзі. Сол медициналық білімі өзіне зиян келтіріп жүр. Сондай да болады екен. Ол аздай, адам денсаулығы туралы көп оқиды, білімді енді. Диссертация қорғаған, бақандай бір ауруханада беделді дәрігер.

Screenshot_6.jpg

Сол жігіт қызбен кездеседі, кафеге шақырады, серуендейді. Әр кездескен қыздың қанша мөлшерде сусын ішкені мен дәретханаға барғанын іштей есептеп отырады екен. Егер шақырған қызы көп лимонад/сыра/сок ішіп, дәретханаға 1 рет барса, онда жігіт: “қыздың бүйрегі ауырады, яғни бүйрегі дұрыс істемейтін қыз ертең бала таба алмайды” деп шешім шығарады. Ал егер қыз аз ішіп, дәретханаға 3-4 рет барса, ол да дұрыс емес екен. Энурез, бүйректен суық тиген итд.

Сонда мен: “1 литр лимонад ішкен қыз неше рет дәретханаға бару керек?” десем, “бірінші рет 45 минуттан кейін бару керек, содан кейін 30 минуттан кейінекінші рет бару керек” деп жауап берді.

Сөзім таусылды. Өзім қыздардың дәретхана сапарларын есептемеппін, бірақ бұл жігіттің де логикасында бір дән бар сияқты. Ойлап қарасақ бүйрегі ауыратындар аз емес. “Біз жастар - бүйректе тастар” дегендей … 

Samat Nordman Nurtaza

Facebook парақшасынан

8-наурызда сыйлық беріп көрмеген күйеуіммен ажырасып тындым...
Күйеуім бола тұра, жезөкшеге айналып шыға келдім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу