Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Ата-анасы тастап кеткен, балалар үйінде тұрып жатқан жүздеген балаға ана орнына ана, әке орнына әке болған Әмина қажы «Сұрауы бар» бағдарламасына шығып, қазіргі жастардың неке түніне немқұрайлы қарайтынына ашуланды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Бізде таңдау деген жоқ. Танысып алады да, бес күн өтпей үйленеді. Екі-үш ай өтпей, ажыраса салады. Мұның бәрі жеңілтектіктің белгісі. Қыздар болашақ күйеуін толық білмей, мінезі қандай екеніне көз жеткізбей, тұмысқа шыға салады.
Кейін жігіттің түрлі мінезін көріп, ажырасып кетеді. Іштегі баламен кетеді, оны іздейтін әке жоқ. Қылығы жаман қызды шешесі де жолатпайды. Егер қыз тойы болмай жатып, жақындауға рұқсат бермесе, оны ешкім зорлап кетпейді. Қыздардың өзінен де бар.
Төсек қатынасына барады, іште бала… Оны жігіт үйіне әкелгісі келмейді. Аяғы ауыр қызды «мен» деген жігіт үйіне апара алмайды. Соған жеткізбеу керек. Әр нәрсенің өз жолы бар емес пе? Кезінде той болған кезде, біз жеңге болып барып, қызды тексеретінбіз. Қандай керемет?! Ұмытылды, жоқ қазір, жоқ, жоқ.
Тойдың алдында бәрін жасап тастаса, қайдан болады? «Қызым екіқабат болып қалды, алмай жатыр», — деп маған келетіндер көп. Ол тексерілетін ар-намыстың белгісі. Бұл өмір бойы бетіңде тұратын печатің. Тыр жалаңаш боп кеп жатса, қай жерін тексереді? Жақсы әдет-ғұрыптарымыз кетіп қалды», — деді Әмина қажы Әжібаева.