Келінім бетін бояп отырғаннан басқа түк бітірмейді

Oinet.kz 03-02-2023 3428

Мен бес бала тәрбиелеп өсірген анамын. Үлкен балаларымның барлығын аяқтандырып, енді қалған сүт кенжемді ерке қып өсіргем. Еркелігінен бе, кіші ұлым кештеу үйленді. Жасы 30-ға келгенде өзінен он бір жас кіші 19 жасар қызды алып келді.

Screenshot_8.jpg

Ол қыз да бір үйдің еркетотайы екен. Бір еркемді адам қылып, баға ма десем, өзіме енді екі еркені бағуға тура келді. Келінім ұйқыдан кеш тұратыны, тамақ дайындай алмайтыны былай тұрсын, күйеуімен өзінің кірін де жумайды. Маған кір жуғыш машына керек деп оны алғызып еді, оған да біздің кірімізді салмайды. Алғаш келгенінде тамақ істей алмаймын деген соң, үйренеді ғой деп ойлап өзім жасап жүрдім. Келініме үйретейін десем, үйренейін деген ниеті де жоқ. Әдемі киініп, бетін бояп отырғаннан басқа түк бітірмейді. Не істесем болады?

Ана бол

Үйдегілерді арамдықтан бойы өспей қалған жездемнен құтқарғым келеді
Күйеуімнің өліміне мен кінәлімін бе?!.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу