Туған әкесі төрт бірдей баласын түн ортасында үйінен қуып шыққан

Oinet.kz 28-02-2023 1616

Жалғызбасты Әйгерімді балаларымен қосып туған әкесі үйінен қуып шықты. Таңғы 5-те 3 айлық сәбиін, 3 жасар қызы мен екі бауырын жетектеп Алматыға аттанған ол автомойкада көлік жуып жүрген әпкесіне баруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_12.jpg

Автомойкада әрі жұмыс істеп, әрі сол жерді баспана етіп жүрген әпкесі бауырларымен аядай бөлмеге жайғасты. 4 бала мен апалы-сіңлілі жалғызбасты аналар автомойкада тұрып жатыр.

Өмірі 6 шаршы метрлік сызда, суық көлік жуу орнында өтіп жатқан, тағдыр тезіне ерте түскен 6 адамды әрі қарай не күтіп тұрғаны беймәлім.

Жергілікті құқық қорғау органдарының бұл жағдайға қандай шара көргені әзірге белгісіз.

Бұрынғы жігітімнің обалына қалдым ба деп қорқамын
Салақ әйел күйеуінің түбіне жетіп тынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу