Әйеліммен ажырасқанымның қияметте жауабы ауыр болады екен

Oinet.kz 11-02-2023 6274

Үйленіп ажырасқанмын. Бір қызым бар анасымен тұрады. Енді көпшіліктің ойын білгім келеді. 1 жыл өтті келіншегімді қызымды көрмегелі. Жалпы әйелім ажырасып кетіп барып босанды. Содан бері көрген емеспін қызымды. 

Screenshot_9.jpg

Босанғанында, қыздың есімін қойғанында,  не болмаса атасымен әжесіне босанғаны жайлы хабарласып айтпағанда. Бір себептермен қайта сөйлесіп кеттік ажырасқан әйеліммен.  Барып арасында қызымды көріп тұрам. Әйелімнің айтқан сөзі қайта қосылайық, әке шешемнен кешірім сұрап келсеңіз сізбен соңына дейін боламын дейді. Не үшін кетіп қалдың десем, ұрдыңыз мінезіміз сай болмаған соң дейді. Бірақ ұрған емеспін. Алдын бір кетіп, қайтып келгені бар .Енді бір уайымым, шариғатпен айтылған әңгімелерде. Әйелің аманат, қиямет күніңде соған жауап бересің дегендей әңгімелерде. Әйелің жесір қызың жетім етіп қалдырғаның үшінде жауапқа тартыласың дейді екен шариғатта. Өзімді де мақтамаймын,  мінезім бар,  бірақ қол көтерген емеспін қыз адамына. қайта қосылсам ба деп ойланып Сөйлесіп кеткен кездерде,  ері мен әйелі отбасы болғанда деген сияқты насихаттарды жіберіп көрдім, білген  ақылымды айтып  көрдім. Бірақ көңіліме қалаулы жауап ала алмадым. Байқағаным сіз кінәлі сіз сүйттіңіз бүйттіңіз  сізге бәрі  байланысты деп ысырып қояды. Былай айтқанда ері емес жай күшік ретінде қарайтынын байқадым. Тек ойландыратыны о дүниеге барғандағы сұрақ жауабы. Тек сол ой мазалайды. Молдалар ға  барып сөйлесіп көрдім осы жайында,  әйеліңнің түсінігі таяздау,  бірақ бізге сенің қосылғаның дұрыс,  аманатың деп шариғатпен сөйлеп шығарып солды. Ақылдарыңыз  болса. Жалпы ойларыңызды білейін.

Байларыңның опасыздық жасауына өздерің кінәлісіңдер
Қайынсіңілімнің басын айналдырып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу