«Мынадай әрекеттерінен кейін мен оны мама демеймін»: 13 жасында босанған әйелдің оқиғасы

Oinet.kz 07-02-2023 1631

Жамбылдық Әлия Қалқабайқызы Жанар есімді қызын соңғы рет бес жыл бұрын көрген. Айтуынша, қызы үйіне тоғыз айда бір келіп, босанған балаларын босағаға тастап ғайып болады екен, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Еуразия арнасының «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Кейуананың айтуынша қызы Жанар алғаш рет 13 жасында босанған, алайда өзі қызына ашулы болып, баланы қабылдамай перзетханада тастап кетуге кеңес берген. Сол уақыттан бері баланы іздесе де ешқандай хабар алмаған, таппаған.

«2018 жылы мамыр айында тағы екі баласының үстінде жұпыны киінген майка трусы басқа ешқандай киім жоқ. Сол уақытта келді», деп жауап қатты анасы.

Қәзір әжейдің тәрбиесінде қызының үш баласы бар. Бағдарламаға келгендегі мақсаты тарыдай шашылған жиендерін баурына басып асырау.

Осы уақыт аралығында Жанар балаларын іздеп үйіне ат ізін салмаған. Ал үлкен ұлы болса берген сұхбатында бірден 

«Ол менің анам емес. Соңғы рет 12 жасымда көргенмін. Әжеме әр баласын келіп тастай бергенге мен намыстанып кетемін. Мынадай әрекеттерінен кейін мен оны мама демеймін», деп ашылып айтты.

Ал келесі кезектегі Жанардың үшінші баласы 8 жасар Мүслім 2 сыныпта  мектеп-интернатта оқиды екен. Бағдарламаға интернаттың директоры Жақсыгүл Сейдалықызы келіп баланың үлгерімі жақсы екенін айтып, Мүслімді анасы Жанар мен туысқаны Ақмарал әкеліп тастағанын айтты. Сондай-ақ сенбі жексенбі күндері баланы демалтуға үйлеріне алып кететінін жасырмады.

Алайда апаның айтуынша Ақмарал деген туысқандары жоқ. Жанардың тек туған әпкесі Гүлнар Дүйсенқызы бар екен. Гүлнар берген сұхбатында жақында ғана сіңілінің құлдықта жүргенін білгенін айтты.

Ал , Студия қонақтары Жанардің суретінен ауыр жұмыс істеп жүрген адамға ұқсамайтынын айтып, олар кейіпкер бәлкім сексуалды құлдықта болуы мүмкін деп ойларын ортаға салды

Редакция ұжымы өзін туысқанымын деп таныстырған Ақмаралмен телефон арқылы байланыс орнатқан. Онда: 

«Құрбысын ана ретінде өте жақсы ішпейді, шекпейді, асқа талғампаз ұлы Мүслімнің барлық еркелігін көтереді. Жанар үйіне барса оны жақындары ұрады»,деп бар шындықты  жайып салған.

Алайда анасы мен Жанардың сіңілісі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Жоғалған Жанарды табу үшін пәтерге полиция қызметкерлерімен бірге барған тілшілер келіншекпен сұхбаттасып қайтыпты. Көп күттірмей екі айлық нәрестесін қолына ұстаған Жанар да төбе көрсетіпті. Оның түсірілім тобын күтпегені белгілі.

Журналистер Жанарды бірден сұрақтың астынан алып барлық мәліметті білуге тырысты. Оның айтуынша қәзір наубайханада жұмыс істейді екен, күйеуі  бір жарым жыл бұрын істі болып сотталып кеткен. Жұмыс кезінде қолындағы сәбиін туысқаны Ақмаралға тастап кетпек ойы бар екен. Сонымен қатар 6 баласы бар екенін айтып, бір қызы Наргиз жүрек талмасынан қайтыс болғанын да баяндап берді.

Ал әжесі бұл ақпаратты жоққа шығарып, Наргизді балалар үйіне өткізген деп отыр. Жанар тағы да бір шындықтың бетін ашты 13 жасында ауылда жүргенде такси жүргізушісі оны зорлаған. Бірақ  аяғы ауыр екенін өзі білмеген. Анасы мен әпкесі бұл жағдайды білмеген сыңайлы.

Эфир соңында Жанар студияға келіп бар шындықтың бетін ашты. Әңгіменің басын «Нарзгиздің тірі екенінен бастады.

«Сол уақытта жол апатына түсіп,есін жоғалтып алып, баланы қайда,қалай тастап кеткенімді білмедім. Біраз уақыт аруханада жаттым. Одан шыққаннан кейін еісімімді ауыстырдым  Айша, Жансая, Динара және т.б. Бұған себеп болған сутинерда жұмыс істегенім. Секіріп өлейін деп жатқан кезімде, Ақтөбеде милициялар құтқарып қалды 3 этаждан. Олар бізді квартирада ұстады. Өздерімен бірге әкеледі, апарып тастайды. Киім ілгішпен таяқ жейтінбіз. Ал Алматыда жаңағы айтқан Ақмаралдың қол астында сексуалдық құлдықтамын. Документтерімді алып қойды. Балаларымның екеуін екі жақта ұстап отыр. Бұлай жұмыс істегеніме екі жарым жыл болды. Қашуға тырыссам да, ұрып-соғып тауып алады. Клиенттерге қарсылық танытсаң таяқ жейсің. Бояндырып, сыландырып парик кигізіп мәжбүрлейді» деп бар шындықтың бетін ашты.

Үйленіміз деп жүргенде жігітімнен қапыда айырылып қалдым
Бір жапырақ қағаз үшін, менің еркекке осылай жасағаным дұрыс па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу