Елімізде тиран әйелдерден қорлық көріп жүрген байқұс еркектер өте көп

Oinet.kz 09-01-2023 1311

Отбасында тиран әйелдің ашса алақанында, жұмса жұдырығында  қор боп жүрген еркектер де бар. Тек еркектер еркек болғандықтан да әйелден көрген қорлығын айтуға намыстары жібермейді.

Screenshot_29.jpg

Қорлық емей немене айлап үй бетін көрмей жұмыс істеп келгенінде әйелі алдынан дастарханын жайып, күліп қарсы алмаса, өзі төрге шығып, жұмыстан қалжырап, шаршап келген күйеуіне шай құйғызып қойса... ол аздай еркекке адам деп емес тек табыс көзі деп қараса... Ер азаматының ойымен, пікірімен санаспаса, осы үйдің отағасы ғой деп ақылдаспаса, бір жаққа баратын кезде бір ауыз ескертіп барып шықпаса... Мұның бәрі еркектің сағын сындыру емес пе, қалай ойлайсыз? 

Сосын арақ ішпей, наша шекпей, құмар ойынға салынбай, тып-тыныш жұмысын істеп, отбасын асырап жүрген еркекке сәт сайын, сағат сайын видеоқоңырау шалып тексеріп, біреуің бар деп тиісе беру қаншалықты орынды? 

"Еркектің жаманы жер қориды, әйелдің жаманы ер қориды" дегендей күйеуінің басқан ізін аңдып, орынсыз қызғанып, ұрыс-жанжал шығара бергенше сондай әйелдер оқып, ізденіп өзін-өзі дамытса ғой шіркін дейсің... 

Бірде күйеуім басқа әйелмен жүріп жүр деп жылады бір келіншек. Өзі әлі көрмеген әйелді отбасымның тас-талқанын шығарды деп жерден алып жерге салды. Неше жыл газет шығарып, психологтардан талай аудармалар жасап жүріп білеміз ғой. Үйінде жағдайы жоқ еркектің жылуды өзге жақтан іздейтінін. Тіпті балалар да солай. Жасөспірім шағында үйден қашып кете беретін балалар болады. Солардың көбі үйінде ата-анасы мен бауырлары  дұрыс қарым-қатынас жасамаса жылуды сырттан іздеп кетеді екен. Сондықтан отбасында бәрі жақсы болу үшін қарым-қатынас маңызды. Еркек асыраушы болса, әйел жылу таратушы болу керек дейді психологтар. Күйеуі жүретін әйелдер де кінәні өзгеден емес, бір сәт өзінен іздеп, қателігін жөндеп,  отбасына шуағын шашса, әйелдің мейір-махаббатына ерімейтін еркек жоқ. Бәрі ретке келер еді. Барлық жағдайда деуден аулақпын.

Гүлмира Әшірбекованың Facebook парақшасынан

Досымның әйеліне үйлендім
Абысынымның құлы секілдімін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу