Жездеме ессіз ғашықпын

Oinet.kz 01-01-2023 7959

Мен мектеп кезінен өзіммен қатар ер балаларға көз қырымды да салмайтынмын. Олардың бәрі маған ойын баласындай көрінетін. Мен бойжетіп, етек-жеңімді жинай бастағаннан-ақ өзімнен әлдеқайда үлкен жігіттерге құмартып тұратынмын. Өзімнен 10-15 жас үлкен жігіттермен сөйлесетінмін. 

Screenshot_14.jpg

Тіпті араласқан жігіттерімнің арасында отбасылы ерлер де болды. Бірақ мен бір адамды кездестіргенде ғана бұрын өзімнің ешкімді шын сүймегенімді түсіндім. Жездемді алғаш көргеннен оған ғашық болып, кейін құлай сүйіп қалдым.

Менің әпкем өзімнен 5 жас үлкен. Арамызда ағам бар, менен кейін тағы да бір ұл бір қыз ерген. Әпкем 25 жасында өзінен 5 жас үлкен жігітке тұрмысқа шықты. Әпкем тұрмысқа шыққанға дейін оқуын бітіріп, жақсы қызметке орналасты, өзі сондай көрікті, тартымды жан. Ал жездемнің сымбатын cөзбен айтып жеткізе алмаспын. Ол сұңғақ бойлы, қасы көзі қап-қара, аққұба келген келбетті адам. Өзі спорт шебері, жауырыны жалпақ, қайратты жігіт. Әпкемді жақсы көретіні, қатты сыйлайтыны байқалып тұрады. Сөйлегенде дауысы зор, артық сөзі жоқ, сабырлы. Неге екенін білмеймін, жездеммен танысқан күннен бастап оны өз әпкемнен қатты қызғанатынмын. Ол әпкемді құшақтап, оған қамқорлық танытқан сайын менің жыным келеді. Сыртқа білдірмеймін, әрине, бірақ ішім удай ашитын. Жездем бізді де, балдыздарын жақсы сыйлап, келген сайын сыйлығын әкеліп, көңілімізді табуға тырысады. Әпкем мен жездемнің тұғыш сәбилері дүниеге келгенде мен шын қуана алмадым, көңілім құлазып, біртүрлі тұншығып кеттім.

Ғашықтықтың дерті жанымды жаралап, өмірден безіп кеткім келетін сәттер жиі болатын. Басқа жігіттерге назар аударып, өз маңдайыма жазылған жанды табайын деп ойласам да, басқаларды көзіме де іле алмадым. Бірақ уақыт емдер деп үміттендім.

Бірде жездем мен әпкем біздің ауылға үлкен тойға келді. Мен жездемнің келуіне әбден дайындалдым. Тура бір сүйген жарым келетіндей таранып, жасанып, барлық әдемімді киіп. Не мақсатта олай жасағанымды да білмеймін. Бірақ әйтеуір жездемді қатты күттім. Жездем келгенде әдеттегідей ата-анама, туған-туысқа амандасып, біздің де бетімізден сүйді. Жездемнің ерні тигенде сол жерде еріп кете жаздадым.

Сол күні тойда келген қонақтардың бәрі жақсы көңіл көтерді. Жездеммен жақсылап биледік. Бір қарасам, қонақтардың арасында жездем көрінбейді. Оны жанарыммен іздеп едім, кездестіре алмадым. Үйге кіріп, бөлмелерді аралап көрдім. Түпкі бөлмеге кірсем төсектің үстінде жездем ұйықтап жатыр екен. Аздап қызып қалған соң демалып алмақ болып жантайған секілді. Мен оған ұзақ қарап тұрдым да, шыдамым таусылып, ернінен сүйіп алдым. Ол мені әпкем екен деп қалса керек, құшағына тарта түсті. Бір кезде көзін ашып қалып, мені көріп орнынан атып тұрды. «Кешір, айналайын, сені Бақытгүл екен деп қалсам» деп әбден абдырып қалды. Мен үнсіз бөлмеден шығып кеттім.

Жездемді ұмыту үшін мен тұрмысқа да шықтым. Көрші ауылдың жігіті бұрыннан менің сыртымнан ғашық болып жүретінін білетінмін. Сол жігітпен ара-тұра сөйлесіп жүрдік, сөйтіп жүргенде ол мені алып қашты. Келін болып түскен кезден бастап-ақ мен барынша отбасыма адал болуға, махаббатымды ұмытуға тырысамын деп өзіме сөз бердім. Бірақ мен қанша тырыссам да жездем есімнен шығар емес. Жатсам, тұрсам көз алдымнан жездем кетпейді. Түсіме жиі енеді. Күйеуіме қосылғаныма екі жылдан асты, арамызда әлі бала жоқ. Осының өзі менің құлықсыздығымнан да болар деп ойлап қоямын. Енді не істесем болады, ғашықтық дертінен қалай айығам?

Сырласу журналы

Қойнымда жатқан жарымның өзгеге барып жүргенін мүлде сезбей келіппін
Сүйген жігітімнің інісі алып қашып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу