«Екі күн бойы қай байыңның құшағында жаттың» деп үйден қуып шықты

Oinet.kz 01-01-2023 3120

Осыдан 5 жарым жыл бұрын, яғни 17 жасымда тұрмысқа шығып едім. Мен де алып қашудың құрбаны болдым. Танымайтын мүлде танымайтын жігіт алып қашып кетті, өзім кездесіп жүрген жігітім бар еді. Жігітім хабарласып: “қалсаң өлемін” деп жылап сықтады, əкесі де звандап: “қалмашы, балам жол көлік апатына түсіп өлем деп қоймай жатыр” деген соң мың ойланып, мың толғанып қалмай кетіп қалдым.

Screenshot_5.jpg

Осы жағдайдан соң жігітім жеңгелерімен келіп үлкендердің алдынан өтіп алып кетті. Махаббаттан басымыз айналып, жас келін болып жүрдім. Басында бəрі кəдімгідей болды. Кейін күйеуім басқа қалаға жұмысқа кетіп, алты айдан соң бірақ келді. Сол аралықта енем мен қайнысіңілімнен көрмегенді көрдім. Екеуі екі жақтан отырсам опақ тұрсам сопақ қылып жылап жүрдім. Оның өзі бір əңгіме. Төркінге тұрмысқа шыққалы бара алмаған едім , əкем реанимацияда жатқан зорға сұранып кетіп едім бір күнге сұранып, əкем реанимациядан шыққан соң екінші күнге қарағанда үйіне барғанымда енем кіргізбей айқай шығарып үйге қайта қуып шықты, екі күн бойы қай байыңның құшағында жаттың деп айқай шығарған. Күйеуім анасының сөзінен шыға алмайтын, солай ажырастық та кеттік.

Басында қатты қиналдым, жыладым, суицид жасауға əрекет жасадым. Басқа қалаға кетіп қалдым,тұйық болып ешкіммен араласпай қойдым. Бірақ қанша қиналсам да куйеуіме қайта қосылайық деп жылап, алдына бармадым да хабарласпадым да. Бір қызығы, енемнің сол екі күн ішінді төркінімде басқа еркекпен жатып келді дегенге күйеуім де сеніп қалғаны болды. Сол үшін онымен қайта хабарласпадым. Солай жылдар өтті, өмір уақыт өтті. Мен де өзгердім, өткенді жылы жауып тастадым.

Əр жамандықтың бір жақсылығы бар дейді ғой, келін болып жүргенде енем қоймай мұғалімге ауыстырып тастап еді оқуымды, кəзір мұғалім болып жұмыс жасап жүрмін.

Өткен жылы маған вк-дан куйеуімнің жүріп жүрген қызы жазды, ол туралы семьясы туралы білгісі келді. Ызам келді, бірақ еш қиналмай оның бар болмысын айттым, жақсылығын да жамандығын да. Тіпті кездесіп те əңгіме құрдық. Ол қыз өте қарапайым қыз екен. Мені жақсы түсінді. Мен куйеуімді жамандап қарғап, енемді жамандап айтқан жоқпын. Бəрін өзің келін болып түскенде көресің дедім. Кəзір ол қыз ол семьяның нағыз келбетін өзі ашып көріп, жігітін тастап кетті. əрине оған куйеуім маған хабарласып мені кінәлады. Оның бəрін ол қыз тыңдап отырды, кəзір ол қызбен жақсы доспыз. Жақында басқа жігітке ұзатылып тұрмысқа шықты тойында болып келдім. Енді бұрынғы куйеуім басқа қызбен сөйлесіп жүр, оны звандап мақтанып айтады, отбасыларыңа лайық қыз бұйрсын деп қана жауап қайтарамын. Себебі оны қызғанбаймын да,оның бары да жоғы да маған қызық емес. Бұрын қалай ғана сүйдім екен,қалай осы ушін өзімді өлімге қимақшы болдым екен деп таң қаламын. Бəріне уақыт емші екен.

Ажырастым деп жылап жүрген қыздар, көз жастарыңа тұрмайтын жандар үшін жүйкелеріңді  құртпаңдаршы. Жылап-сықтап қиналмаңдар. Аллам өзіне тең емес адамды айырып өз теңіңе қосады. Əр істің өз қайыры бар. Бəріне уақыт емші. Бəрі де өз қолдарында. Куйеулеріңе босқа аяғына жығылып қадірлеріңді түсірмеңдер.

Сырласу журналы

Рулас жігітіне тұрмысқа шыққан қыздың оқиғасы
Құда түскен қыздары толық екенін білген соң ұл да, ата-анасы да қашып құтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу