Қызымды қайын әпкемнен қызғанам

Oinet.kz 13-11-2022 3797

Менің тұрмыс құрғаныма 2 жарым жыл болды. Қазір 2 қызымыз бар. Үйде ата-енем, қайын әпкем және 3 қайын сіңілім бар. Айтайын дегенім бірінші қызым енемнің қасында. Оны бізге бергісі келмейді. 

Screenshot_8.jpg

Қанша дегенмен немересі болғасын қызғанатын шығар деп үндемеймін. Бірақ бір түсінбейтінім қайын әпкем жасы 30-ға келіп қалды. Сол қызымның қасынан шықпайды. Бізді қасына жолатқысы келмейді. Қызым да соны көрсе болды шешесін көргендей қуанып жүгіреді. Тіпті маған олай жүгірмейді. 

Менде аздап қызғаныш пайда болады. Тіпті бұл үйден қыздарымды алып кетіп қалғым келеді. Өз қызым өзімнен алыстап бара жатқандай көрінеді. Ал екінші қызыма ешкім қарамайды жылап жатса да. Ешкім бармайды қасына. Күйеуіме айтсам ол бөлек шыққысы келмейді. Мен бұл үйде бөтен адам сияқтымын. Үнемі жалғызсыраймын. Қыздар барда бұл үйде маған орын жоқ. Мұны енемнің қылықтарынан талай байқадым. Мен енді не істесем екен, ақыл қосыңыздаршы өтінемін.

Енем қалың мал бермегенімен қоймай, жасауымды қайтармай отыр
Әйелімнің түбіне жеткен өзім ғой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу