Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Адам өмірі түрлі қиыншылықтар мен соқпақтардан тұратыны белгілі. Әсіресе, махаббат тақырыбына келгенде. Pandaland.kz сайтына өз тағдыры туралы баяндаған бір жігіттің жазбасы шығыпты. Бәріне ата-анасы кінәлі екен.
"Біздің ара-қатынасымыз енді басталғанда, біз әлемдегі “ең керемет жұп” боламыз деп ойлаған едім. Менің қызым өте сұлу, нәзік, қазақи салт-дәстүрлерді бойына сіңірген тәрбиелі қыз еді. Менің достарым тіпті маған қызыға қарайтын. Мен бар күшіммен оның ата-анасының сенімін алуға тырыстым, ол да менің ата-анама өзінің әдемілігі мен әдептілігімен ұнап қалды. Біз бала емес, кездесе бастағанның өзінде оған 25, ал мен одан үш жас үлкен болатынмын.
Ол енді ғана медициналық институтты бітіріп жатқанда, мен бар жиған-тергенімді пәтер алуға сақтап қойғанмын. Мен үйленгеннен соң бірден ата-ана үйінен бөлек шығамыз деп шешкен болатынмын, бірақ сол сәтте қала сыртында үлкен үйіміз болғандықтан, пәтерге бөлек шығуым ақымақтық деп ойладым.
Осылайша 3 жыл өтті. Соңғы жарты жылда Дариға үйлену жайлы әңгімені аз қозғайтын, десе де ол сол сәтті асыға күтіп жүргенін жүрегіммен сездім. Менің өзім оған сөз салуға бірнеше рет талпынған едім, бірақ қатал әкем бөгет жасап қалатын.
Cебебі – менің үлкен ағам Әмірдің үйленбегені еді. Ата-анам бірінші ол шаңырақ құрып, тек содан кейін ғана маған рұқсат беретіндерін айтты. “Үлкенмен жарысып не керек, қызың бәрібір сенен кетіп қалмайды”, деп әкем қалжыңдап қоятын.
Ал менің ағама келсек, ол тіпті үйлену жайлы ойланбайтын. Оның жасы 35-те болғанымен, қарым-қатынас құрған үш-ақ қызы болған. Қазіргі қызы одан батыл қадам күтіп жүр, бірақ ағам әлі де нақты шешім қабылдай алмай жүр. Мен Дариға екеуміздің арамыз алшақтап бара жатқанын түсіндім, бірақ ата-ана талабына қарсы шыға алмадым.
Менің Дариғамның 28-інші туған күні. Бұл күн де келіп жетті. Маңызды іс-шараға бар күшімді салып, мейрамхананы сәндеп, керек заттарға тапсырыс беріп, жүгіріп жүргеніме қарамастан, қызымның көңілі жабырқаңқы, ол менімен мүлде сөйлескісі келмейтін болды. Арамызға отқа май құйғандай, туысқандары да қайта-қайта “жақсы ана бол, жақсы күйеу тап”, деген сияқты тілектерін жаудырта берді. Кешкісін оңаша қалғанымызда, ол дәл осы күні менің сөз салуымды күткенін айтып, өте қатты ренжігенін айтты. Менің қолымды итере салып, осымен бәрі бітті, деді де, теріс бұрылып кетіп қалды.
Мен 3 ай бойы түрлі сыйлықтар сыйлап, көңілін тапқым келген, бірақ мұным зая кетті. Өзегімнен итеріп, ақыры басқа жігітке тұрмысқа шығып кетті. Араға 2 жыл өткенде бір ортақ танысымыздың туған күнінде кездейсоқ кездесіп қалдық. Ол күйеуі ұрып-соға берген соң ажырасқанын айтты. Бір баласы да бар екен. Мен оны тағы да түскі асқа шақырғым келді. Бірақ, әлі де батылым жетпей жүр. Ата-анамның тағы не дерін кім білсін…"
Бәтес Ерболат