Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Ату жазасына кесілген адамға да ас береді ғой өлер алдында. Жігіттер, неге қыздарға тиын-тебендеріңді аяп, тегін пайдаланғыларың келеді? Тегін жерде не бар? Қоқыс пен сасық бар.
Еркек көзбен, асқазанмен жақсы көрсе, әйел сезіммен, қамқорлықпен жақсы көреді. Өтірік "сүйемін" деген лапшаға сенетін 50-жылдар келмеске кеткен. Қазір 15 жасар қыз да оған сенбейді.
Жатырқап тұрған кішкентай баланы да бауырға тарту үшін "сені жақсы көремін" демейді, тәтті-пәтті, ойыншық беріп, жылы сөздер айтады, мейірім төгеді. Баланың өзін алдау қиын. Ал дәп-дәу қызға құрғақ қана "сүйем" деген жауыр сөз нервке тиеді негізі...
Әйелге мейірім мен қамқорлық керек, бұйра шаш пен 190 бой емес.
Мейірімді, қамқор, жомарт еркек әрқашан СЫМБАТТЫ әрі СҰЛУ, бойы бір тұтам, басы таз болса да. Уот так!
Әжімбасқа әйел емес, түйе керек.
Гүлжазира Есбол
facebook парақшасынан